Ауруханаға аппараттар табысталды
Аудан әкімі орталық ауруханаға барып, ондағы жағдаймен танысты
Бас дәрігер Аманжол Сейлхановтың айтуынша, қазіргі таңда жағдай тұрақты. Коронавирус, пневмания дертімен ауырғандар жатқан уақытша стационарда науқастар жоқ.
Өңір басшысы аудандық ауруханаға «Дегдар» ГҚ Қамқоршылық Кеңесінің атынан әкелінген өкпені жасанды желдететін 1 аппарат пен сыйымдылығы 10 литрлік 5 оттегі концентраторын көріп қайтты.
Амантай Кәкімбекұлы бұл қамқорлық алдағы уақытта «COVID-19» таралуына төтеп беруге, аудандық аурухана қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге көп көмегін тигізетін атап өтті.
– Осы сәтті пайдалана отырып, аталған Гуманитарлық Қордың басшысы Дариға Нұрсұлтанқызына өзімнің және Сарыкөл ауданы халқының атынан зор алғысымды айтамын! Ел игілігі, халық үшін жасап жатқан еңбегіңіз еселене берсін, – деді ол.
Иә, саулық – сақтықта екенін ұмытпаған абзал. Баршамызды біраз әбігерге салған коронавирус індетін қайта болдырмау үшін күрес шаралары қарқынды түрде жүргізіле бермек.
Жақынымызға жанашыр болайық!
Руслан ӘЛКЕЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31