Жамал апаның рухына бағышталған республикалық қайырымдылық шарасы Сарыкөл ауданында жалғасын тапты
Бүгін осы науқан аясында «Аққозы қажы» аудандық мешіті 20 отбасына күнделікті тұтынатын азық-түлік салынған 20 жәшік таратты
Ауданымыздың бас имамы Нұрбол қажы Балахметовтың өзі бастап, мешіт жамағаты қостап, Жамал апаның ғибратты ғұмырынан сыр шершетін бүктемелер салынған азық-түлік жәшіктерін мұқтаж отбасылардың үйлеріне барып өз қолдарымен табыстады.
– Бұл ел бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқан қайырымдылық шарасы. “Батыр ана”, “Құрмет” орденінің иегері, ел анасына айналған Жамал апа атанған Бибіжамал Мәлікқызын еске алуға арналып отыр. Апамыз бақилық болса да артында қалған ұрпағы оның қайрымдылық істерін осылай жалғастыруда. Соның нәтижесінде, бүгінде Қостанай облысы бойынша 300 отбасына күнделікті тұтынатын азық-түлік таратылуда. Бұл орайда өкіл имамымыз Бақытбек қажы Тәжімбеттің де еңбегі зор , – дейді бас имам Нұрбол қажы Исламұлы.
Бас имамның айтуынша, Жамал апа көзі тірісінде ұрпағының ғана емес, ұлт тұтастығын ойлап, қайырымдылық істерін көп жасаған. Оның республика көлемінде атқарған игі істеріне куә болып, шарапатын сезінгендер жетерлік. Міне, бүгінде Бибіжамал Мәлікқызының өмірден өткеніне көп уақыт болмаса да, оның ұрпақтары сауапты ісін жалғастыруда.
Жалпы, мешіт жамағаты он баланы өмірге әкелген “Батыр ана”, “Құрмет” орденінің иегері, жақсылыққа жаны құмар Жамал апаның ел үшін істеген сауапты амалдарын еске алып, оны көпшілікке насихаттады.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31