Күрделі жөндеуден өткен Комсомол орта мектебі салтанатты түрде ашылды
Ауылдағы қуанышты рәсімге аудан әкімі Амантай Балғарин арнайы қатысты. Амантай Кәкімбекұлы жиналғандарды құттықтап, құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізген «Бахыт и К» ЖШС директоры Бахытбек Құсаиновқа Алғыс хат табыстады.
Жиын барысында «Бахыт и К» ЖШС директоры Бахытбек Құсаинов, ауылдың құрметті тұрғыны, мемлекеттік қызмет ардагері Вера Серветник сөз алды. Вера Петровна ауыл тұрғындары атынан осы істің басы-қасында жүрген азаматтар мен ұйымдасытрушыларға өз ризашылығын білдірді.
Қазақтың дәстүрі бойынша шашу шашылып, қонақтар мектептің ішін аралап көрді. Айта кету керек, мектепке жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілді. Құрылыс барысында шатырлар, жылыту жүйесі, еден мен аспалы төбе ауыстырылды.
Барлық кабинеттерде қабырғалар тегістеліп, боялды. Спорт зал, кітапхана және мектеп асханасы күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, білім ошағының қасбеті жаңартылды.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31