Құрбан айтпен құттықтау
Қадірменді қауым!
Баршаңызды исі мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт – күллі мұсылман үмбетінің екі ұлық мерекесінің бірі. Біздің халқымыз бұл мейрамды сан ғасырдан бері ерекше қадірлеп, айрықша атап өткен. Айтулы мейрамда ағайын-жұрт бір-біріне «Құрбан айт құтты болсын, айт қабыл болсын» айтып, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін арнаған. Көрші мен туысқанға айттап бару, қадірлі қонаққа айттық беріп, үлкеннің алғысы мен батасын алу – сонау заманнан жалғасып келе жатқан мұсылмандық дәстүріміз.
Аллаға шүкір, салтынан жаңылмаған жұртымыз тәуелсіздік жылдарында айтты тойлау дәстүрін қайта жаңғыртып, оны халықтық деңгейде атап өтуге мүмкіндік алды. Елбасының игі бастамасымен елімізде құрбан айттың құрметіне демалыс жарияланып, бұл мейрам барша ұлт пен ұлысты бірлік пен ізгілікке үндейтін халықтық мерекеге айналды. Әсілінде, «құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғымдарды білдіреді. Мұсылман баласы айт күні құрбандық шалу арқылы Аллаға деген ақ ниетін паш етеді. Өйткені, қасиетті Құранда Хақ Тағала: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалықтарың (шынайы ниеттерің)»: («Хаж» сүресі, 37-аят), – деп адал ниеттің маңыздылығын атап өткен. Жағдайы бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп, мұсылмандық міндет. Ал мүмкіндігі жоқ адамға Алла Тағала мұндай міндет жүктемеген.
Бұл қасиетті күнде мүмкіндігі жоқ, тұрмысы төмен отбасыларға қол ұшын беріп, оларға қуаныш сыйлау – сауапты іс. Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой, ешкі шалынады. Бір қошқар немесе қой бір кісі атынан шалынады. Қара мал немесе түйені жеті кісі бірігіп, құрбандыққа шалуға болады. Құрбандық малын айт намазынан кейін айттың үшінші күні кеш батқанға дейін шалуға болады. Құрбандық еті ағайын-туысқа, көршіге, тұрмысы төмен отбасыларына таратылады.
Еске салай кетейік, биылғы Құрбан айттың пандемияға байланысты өз ерекшеліктері бар. ҚМДБ жариялауымен «Раббың үшін құрбан шал!» акциясы өтеді. Негізгі мақсат – жағдайы жоқ отбасыларға құрбандық етін үлестіру болып табылады. Соған көп көңіл бөлуіміз керек. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі уақытта құрбандықтың етін асып, халықты бір жерге жинауға болмайды. Құрбан шалынады міндетті түрде, бірақ оның етін акцмя аясында бірден үлестіреміз. Құрбандықты әр адам өз үйінде шалады. Мешітке әкелемін деушілер болса, біз арнайы орын дайындап қойдық, санитарлық талаптарды орындай отыра, шалуға болады. Оны да үлестіреміз. Ең басты айта кетертін жійт, Құрбан айт оқылмайды.
Айт мейрамы құтты-берекелі болғай! Әр отбасына амандық, мықты саулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін!
Дорогие братья!
Желаю вашим семьям здоровья, благополучия и процветания!
Курбан-айт является одним из двух значимых праздников мусульманской уммы. Наш народ на протяжении многих столетий с трепетом относится к этому празднику, поэтому к нему готовятся с особым волнением. В этот день все родственники и близкие навещают друг друга, чтобы выразить свои теплые пожелания и благословения.
Посещение родных и близких, теплый прием гостей, получение благословения старших являются нашей доброй традицией, которая передается из поколения в поколение.
Хвала Всевышнему, наш народ крепко придерживается своих традиций, а в годы независимости еще больше прославил празднование Курбан-айта на общенародном уровне. По инициативе нашего Главы государства в честь Курбан-айта был объявлен официальный праздничный день, который на сегодняшний день стал народным праздником, призывающим к единству и согласию”, – говорится в поздравлении.
“Слово “курбан” по смыслу означает “приближение”. В этот день мусульманин, принося жертвоприношение Всевышнему, выражает свое благое намерение и поклонение… Жертвоприношение является обязанностью для каждого мусульманина, если ему позволяют материальные средства и в это время не находящемуся в пути. В этот священный день желательно оказывать помощь нуждающимся людям и малоимущим семьям.
Можно приносить в жертву верблюда, корову, овцу. Одна овца или одна коза приносится в жертву от имени одного человека. А крупный рогатый скот или верблюд могут быть принесены в жертву от имени семи человек. Жертвенное мясо раздается родственникам, соседям и нуждающимся семьям.
Нұрбол қажы БАЛАХМЕТОВ, Сарыкөл ауданының бас имамы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31