Бірлік бар жерде, тірлік бар
27 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы мәлімдеме жасады.
– Баршаңызға белгілі, Қазақстан халқы 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режиміне көшті. Әрине, бұл кезең жұртшылыққа оңай тимегені анық. Кейбір азаматтар жұмысын жоғалтып, табыссыз қалды. Ойға алған жоспарларын өзгертуге мәжбүр болғандар да бар. Адами тұрғыдан мен мұны түсінемін, – деп бастады өз сөзін Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Мен, осы үндеуді егжей-тегжейлі оқып шықтым. Елдегі төтенше жағдай ең бірінші халық денсаулығы үшін жасалып отыр. Сондықтан үкімет тарапынан барлық шектеулерге қоғам болып түсіністікпен қарауға тиіспіз.
Ел Президенті өз сөзінде: «Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым. Бұл – біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы. Заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады. Елімізді пандемияның шеңгелінен құтқару – бәрімізге ортақ міндет. Мен үшін әр азаматтың өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Сонымен қатар Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетуге дайын» – деді.
Жалпы, біздің мемлекет төтенше жағдай кезіндегі барлық әлеуметтік төлемдерді қарастырып, төлеп жатыр. Ауылшаруашылығы, шағын және орта бизнес саласына да көптеген көмек жасалуда. Олай болса, барлық уақытша қиындықты бірлігіміздің арқасында ел болып, жеңеміз деп ойлаймын. Қазақ халқы «Бірлік бар жерде, тірлік бар» – деп бекер айтпаса керек. Сондықтан, біз біргеміз дегім келеді.
«Nur Otan» партиясы Сарыкөл аудандық филиалының бірінші орынбасары
Айдос ЖАКЕНОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31