Диһандар даңққа бөленді
Бүгін Сарыкөл ауданында ауыл шаруашылық қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтті.
Салтанатты шара қазақ халқының дәстүрі – шашумен ашылды. Led экранда ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтау жазылып тұрса, ал, кіреберісте «Сарыкөл жерінің мақтанышы» деген тақта ілінді. Бұдан бөлек, осы мерекеге орай ұйымдастырылған көрме көпшіліктің назарына ұсынылды.
Салтанат барысында аудан әкімінің орынбасары Марат Шымырбеков егіс алқабының қорытындысын жариялап, жалпы ауыл шаруашылық саласында атқарылған жұмыстар жқнінде баяндама жасады.
Бұдан кейін «Азық-түлік келісім шарт корпарациясы» Ұлттық Компаниясы» АҚ директоры Мирас Төрежанов сөз сөйлеп, облыс әкімінің мадақтамасын Жаслан Дюсикеев, Василий Тихонов, Артем Черный, Тоқыш Нұрғалиев, Рашит Мусагитов және Сәкен Смағұловтарға табыс етті. Ал, Қостанай облысы әкімдігінің мал дәрігері басқармасының грамотасына аудандық «Ақтаң» ветеринарлық станциясы басшысының міндетін атқарушы Бейбіт Қасембеков ие болды.
Сондай-ақ, дала жұмыстарында тер төгіп, өңірдің дамуына өз үлесін қосып келе жатқан еңбеккерлерді төл мерекелерімен аудан әкімі Амантай Балғарин құттықтап, 25 адамға мадақтама қағаздарын табыс етті.
Бұдан әрімен «Ростсельмаш» компания тобының өкілі Асқар Молдағалиев сөз алып, үздік деп танылған «Елсан-Агро» ЖШС-не алғыс хат табыстады.
Салтанат соңы аудандық мәдениет үйі ұйымдастырған мерекелік концертке ұласты. Сондай-ақ, Қостанай қаласынан келген қонақтар – ҚР еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері Арыстан Құрманов, Галина Третьяк және «Жібек жолы» би ансамблі өнер көрсетті.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31