Сарыкөл ауданында «Береке» халал дүкені қайырымдылық акциясын жалғастыруда
Шара барысында зейнеткерлерге тегін нан үлестіріледі.
Яғни, қыркүйек айынан бері әр аптаның жұмасында жүзеге асырылады.
– Тұрақты тұтынушылар бар. Зейнеткерлер өздері келеді, өзгелерді де ертіп келеді. Тіпті, ауылдың шеткі көшелерінен де келіп, алады. Кейбіреулер звондап сұраса, ал енді біреулер нөмірлерін қалдырып жатады, – дейді сатушы Гүлмира Сұлтангазенова.
Қайырымдылық ісімен айналысып жатқан қайырымды жандар қанша бөлке нан үлестіргендерін санамайды екен. Бірақ, біз сұрауымыз бойынша, өткен аптада жұман күні таңертең сағат 10.00-ге дейін 15 нан үлестіріпті.
Бүгінде бұл дүкенге зейнеткерлерден бөлек, кәдімгі тұтынушылар да көптеп келуде. Олардың да өз пікірі бар.
– Жақсы дүкен, бәрін өзің таңдап аласың. Бағасы да қолдетімді. Мәселен, бұрыш 90 теңге, пияз 68 теңге, сұрыпталған қызыл картоп 75 теңгеден сатылуда, – дейді тұрақты тұтынушылар.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31