30 жылдыққа орай «Сарыкөл» газеті осындай айдар ашты

1991 жылдың 16 желтоқсаны – еліміз Тәуелсіздік алған айырықша күн. Биыл, міне, осынау тарихи сәтке мерейлі 30 жыл толады

Осындай аз уақыттың ішінде Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Бұл істе Тәуелсіздік құрдастарының да қосқан үлесі зор.

Тәу етер киеміз – Тәуелсіздік құрдастарының бірі, біздің алғашқы кейіпкеріміз – Анаргүл Дәукенова. Ол – Сарыкөл ауданының тумасы. Урицк мектеп-лицейінің түлегі. 2016 жылы еңбек жолын хирург-эндоскопист дәрігері ретінде аудандық орталық ауруханадан бастады. Бұл жерде екі жыл еңбек етіп, тәжірибе жинады. Бүгінде Қостанай қалалық емханаларының бірінде өз мамандығы бойынша жұмыс істейді. Отбасылы, 1 баланың анасы.

«Тәуелсіздіктің құрдастары құттықтайды» атты айдарымыздың алғашқы кейіпкері осы сәтті пайдаланып, өз жерлестерін келе жатқан ең басты мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды.

-Қадірменді ағайын! Сіздерді келе жатқан төл мерекеміз – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Бұл – мемлекетіміздің қарқынды дамуы, тұрақты саясаты мен ішкі бірлігінің арқасы деп білемін.

Біздің басты мұратымыз – рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тұтас халқымыздың татулығын сақтау. Сондықтан да, бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай! – деп жүрекжарды лебізін білдірді ол.

Айта кеткен жөн, бұл айдар арқылы мақала жариялау Тәуелсізідк күніне дейін жалғасады. Еліміздің үкілі үміттері, Сіздерді күтеміз!

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.