30 мамыр күні ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен еліміздің барлық аумағындағы зират басына тазалық жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр

Мұсылман адам дүниеде қандай қадірлі болса, оның қабірін аяқасты етуге ешкімнің қақысы жоқ. Ал мұсылман зиратының маңайын тазалап отыру – жәй ғана міндет емес, ізгі амал

«Алла Тағала Құранда «Исра» сүресінің, 70-ші аятында: «Расында Адам баласын ардақтадық» деп, адамды тірі күнінде де, дүние салғаннан соң да құрметтеуге бұйырған. Асыл дініміз дүниеден қайтқан адамды соңғы сапарына жуындырып, арулап ақ матаға орап, хош иіс сеуіп, жаназасын оқып, құрметпен Жер ана қойнауына тапсырады және одан кейін де дүниеден өткен адамның ары мен абыройын құрметтеуге үндейді. Қайтыс болған адамның есеп-қисап болатын қияметке дейінгі уақытша мекені болған қабірлерді таза ұстау – баршамыз үшін қайырлы іс саналады» – дейді ұйымдастырушылар.

Аталмыш игі іс-шараға ҚМДБ-ға қарасты 19 өкілдіктің дін қызметкерлері мен ерікті жамағат қатысады.

Құрметті сарыкөлдіктер!

Сарыкөл ауданында зират басына тазалық жұмыстары 29 мамыр күні сағат 9:30 өтеді. Қайырлы іске бір кісідей атсалысуға шақырамыз!

«Аққозы қажы» аудандық мешітінің

бас имамы Нұрбол қажы БАЛАХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.