26-шілдеде «Денсаулық жолы» семинар өтті
Мұны «Денсаулық» бағдарламасы аясында “Денсаулық жолы” қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының репродуктивті денсаулықты қорғау, ерте жүктіліктің алдын алу, АИТВ/ЖИТС, жыныстық жолмен берілетін инфекциялармен күрес жөніндегі тапсырмасын орындай отырып, дәрігерлер мен мамандар біздің ауданымызда болып қайтты.
Қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері дөңгелек үстел басында осы мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылау үшін жиналды. «Денсаулық жолы” бірлестігінің мамандары қызметінің негізгі мақсаты – жасөспірімдер жастан бастап халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау туралы халықтың хабардар болуын арттыру, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру, жыныстық жолмен берілетін АИТВ-ның, жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу.
Жүргізілген жұмыстың нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар үшін нақты практикалық ұсыныстар, осы тақырып бойынша әдістемелік ақпараттық құралдар мен анықтамалар ұсынылды. Оқу жылының басында “Денсаулық жолы» бірлестігі өз жұмысын жалғастырады. Сонымен қатар, дәрігерлердің облыс, аудан мектептерінің оқушыларымен кездесуін ұйымдастырады.
Семинар соңында “Жастар ресурстық орталығы” мен “Денсаулық жолы” бірлесіп, Сарыкөл кентінің орталығында ақпараттық акция өткізді.
Эльмира БАЙҒОЖА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31