26 мамырда облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов Сарыкөл ауданында жұмыс сапарымен келді
Алдымен, Ғауез Торсанұлы аудан әкімі Амантай Балғаринмен бірге «Агро-Парасат» ЖШС-не барды.
Онда көктемгі дала жұмыстарымен танысып, алқап басында аграрлармен кездесті.
– Қысқы өнім болған жақсы. Оған көбірек көңіл бөлу керек. Сіздер мұны қолға алыпсыздар. Егістіктеріңізге де келемін.
Ауа райы қолайлы болып, жұмыстарыңызды ойдағыдай аяқтап, бітік егін алыңыздар, – деп тілектестігін білдірді облыс әкімінң бірінші орынбасары.
Мәртебелі мейман одан әрімен Сорочин ауылындағы су тарату желісін қайта құру жобасын іске асырылу барысымен танысты. Бұл жерде басталып жатқан жұмыстарын сапалы атқарып, қараша айына дейін халықты ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды.
Жалпы, бұл ауылда 20 шақырымға жуық су тарату желісі, 91 ұңғы, әрқайсысы 150 текше метрге дейін таза су сақтайтын екі резервуар, сорғы бекеті және бақылау-өткізу пунктін салу жоспарлануда. Жұмыстар аяқталысымен, 220 абонент орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
Сонымен қатар, Ғауез Нұрмұхамбетов қазіргі уақытта жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Сарыкөл ауылының Набережная көшесіне соқты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып жатқан бірқатар істердің куәсі болды.
Ал, Сарыкөл ауданына арналған сапар соңында Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Данияр Смағұловпен бірге аудан әкімдігінің кіреберісінде ашылған «Сарыкөл көмек алаңы» атты халықты қабылдау кеңсесінің жұмысымен танысты.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31