19 мамырда облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк жұмыс сапарымен ауданға келді
Мәртебелі мейман «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан нысандарды аралады.
Яғни, облыс бағытындағы «Ұзынкөл-Сарыкөл» тас жолынының 10-20 шақырымындағы және Сарыкөл кентіндегі жөндеу жүргізіліп жатқан көше жолдарынының жұмысымен танысты.
– Жұмыстарды сапалы әрі уақытында орындау керек. Бәрі де халық үшін жасалып жатыр, – деді өз сөзінде Сергей Алексеевич. Сондай-ақ, ол жергілікті билікке бірқатар тапсырмалар берді.
Бұл сапар барысында бүгінгі атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайында кеңірек айтылды. Бұл жайында аудан әкімі Амантай Балғарин баяндады. Сондай-ақ, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, «Сарыкольдорстрой» ЖШС бас директоры Ваник Мелоян да қатысты.
Бүгінде Абай көшесін М-36 тас жолынан Миронов көшесіне дейінгі орташа жөндеу жұмыстары 100 пайызға аяқталды. Бұл жұмыстармен мердігер – «Петоян Оганес Оникович» жеке кәсіпкерлігі, ал, субмердігер «ЖИЛКОМСИСТЕМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысты. Орташа жөндеу 2,39 шақырымды қамтыды. Барлығы 18 адам жұмыс істеді, оның ішінде 9-ы жұмыспен қамту орталығы арқылы келгендер.
Сонымен қатар, қазір Набережная көшесі бойындағы бүкіл жолды орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Алдағы уақытта Айтбай батыр көшесі (Абай мен Пушкин аралығы), Павщих Борцов автожолының төрт апаттық учаскесі, Әлібек батыр ( республикалық автожолдан Озернаяға дейін) және Тәтіқара жырау көшесі (Павших Борцовтан Набережная көшесіне дейін) орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, аудандық бағыттағы Урожайное ауылының (0-20 ш), Қара-Оба ауылының (0-1.4 ш), Крыловка ауылының (0-1.4 ш) кіреберісі мен Коскөл-Комсомол арасы (0-08 ш) орташа жөндеуден өтеді деп жоспарлануда.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31