Жоба аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда

30 шілдеде аудан әкімдігінің көмек алаңында «Жанашыр бол» қоғамдық қоры пробация қызметінің есебінде тұрғандарға құқықтық көмек көрсетті

Қоғамдық қор есепте тұрғандармен атқарушылық іс жүргізу және оларға қатысты қозғалған сот актілері бойынша жеке жұмыс жүргізді. Сондай-ақ сотталған Р. есімді азаматты тұрғын үй мәселелері бойынша жеке қабылдап, консультациялық жұмыс жүргізді.

– Біздің мақсатымыз жоба аясында әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету. Өзекті әрі түйткілді мәселелеріңіздің түйінін тарқатып, аз да болса қол ұшын созу. Алайда, біз баспана алып беруге және баспананы жөндеп беруге көмектесе алмаймыз, бұл жобаның шартына кірмейді, – деді қор заңгері Жасгүл Тоғжанова.

Сонымен қатар, көмек алаңында “бір терезе” шеңберінде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді. Есепте тұрған сотталғандар сауалдарын қойып, тыңғылықты кеңестер алды. Аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Әліби Қантаев сотталғандарға жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі, жеке кәсіпкердің құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірді. Одан бөлек, Сарыкөл прокуратурасының прокуроры Қымбат Жалғасбай сот үкімі бойынша берешектерді өтеу қажеттілігі бойынша сотталғандармен әңгімелесті. Аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Индира Танкебаева да қатысып, сауалдарға жауап берді.

Жалпы, пробация қызметінің есебінде тұрғандарға жанашырлық танытып, әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсетіп келе жатқан «Жанашыр бол» қоғамдық қорының бұл жұмыстарының бір парасы ғана. Алдағы уақытта жалғасын табады.

Айта кетейік, бұл іс-шараларды «Жанашыр бол» ҚҚ аудандық пробация қызметімен бірге «Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әлеуметтік тапсырысы бойынша “Қамау орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды оңалту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» жобасы шеңберінде жүзеге асырып жатыр.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.