Заявление Токаева о карантине (на казахском и русском языках)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі

Құрметті отандастар!

Баршаңызға белгілі, Қазақстан халқы 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режиміне көшті. Әрине, бұл кезең жұртшылыққа оңай тимегені анық. Кейбір азаматтар жұмысын жоғалтып, табыссыз қалды. Ойға алған жоспарларын өзгертуге мәжбүр болғандар да бар. Адами тұрғыдан мен мұны түсінемін.Қауіпті вирус Қазақстанда кең жайылып кетпеуі үшін осындай күрделі, бірақ аса қажет шешім қабылдадым.
Соның арқасында індет жаппай таралған жоқ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да, халықаралық сарапшылар да Қазақстанның іс-қимылын оң бағалап отыр. Елімізде қатаң карантин шаралары енгізіліп, қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылды.

Мекемелер мен кәсіпорындардың басым бөлігі қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Көшелер, тұрғын үйлер дезинфекцияланып, науқастарға дәрігерлік көмек көрсетілуде. Әрине, барлық облыстағы жағдай бірдей емес. Кейбір аймақтарда індет шарықтау шегінен өткен сияқты. Бірақ бірқатар өңірде вирустың таралу қаупі әлі де сейілмей отыр. Біз ондағы нақты санитарлық ахуалға қарай әрекет жасаймыз.
Басты міндет – азаматтарымыздың денсаулығын сақтап, өмірін қорғап қалу.

Әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, халықтың табысын сақтау үшін де арнайы шаралар қабылданып жатыр.
Тағы да қайталап айтамын: қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат біздің назарымызда болады. Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды.

Мен төтенше жағдай кезеңінде азаматтарымызға қолдау көрсетуге арналған шаралардың екі топтамасын жария еттім.
Бұл шаралар барынша жүзеге асырылуда. Қоғам тарапынан айтылған орынды сын-пікірлер де бар. Оны ескереміз.

Бүгінгі күні 4 миллион 250 мың азаматқа қаржылай көмек көрсетілді. 570 мыңнан астам адамға азық-түлік таратылды. Жалпы, 1,1 миллионнан астам адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан қаржы бөлінді. «Nur Otan» партиясы белсенді жұмыс атқаруда. Сәуір-мамыр айларында 1,6 миллионнан астам адамға коммуналдық төлем үшін көмек көрсетіледі. Азық-түліктің жеткілікті болуына және оның сапасына қатысты ұдайы мониторинг жүргізілуде. Елімізде азық-түлік тапшылығы жоқ. Жергілікті билік органдары әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын бақылауда ұстап отыр. Біз індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлерді қаржылай қолдап жатырмыз.

Денсаулық сақтау министрлігі және әкімдер басқа да медицина қызметкерлеріне көмек көрсету үшін шаралар қабылдауда. 1,6 миллионнан астам адам, 11,5 мың шағын және орта бизнес өкілі несиелерін кейін төлеуге мүмкіндік алды. Бұл жалпы алғанда 360 миллиардтан астам теңгені қамтиды. Бүгінде шағын және орта бизнес күрделі жағдайға тап болды. Осы салаға қазір көмектеспесек, экономиканы қалпына келтіре алмаймыз. 700 мыңнан астам компания мен жеке кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды. Сол арқылы олар 1 триллион теңгеге жуық қаржыны үнемдей алады. Шағын және орта бизнеске тиімді несие беру үшін қаражат бөлінді. Жұмысшы санын және еңбекақы көлемін азайтпау мақсатында ірі компанияларға тиісті қолдау көрсетіледі. Қазір олардың тізімі жасалуда. Оған ел экономикасы үшін аса маңызды компаниялар ғана енгізіледі.

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері қиындыққа қарамастан жұмыс істеуде. Шаруалардың еңбегіне дән ризамыз.Көктемгі егіс науқаны мәселелері шешімін тапты. Бұл жұмысқа ешқандай кедергі болмауы керек. Ауыл шаруашылығы министрлігіне және әкімдерге осындай міндет жүктеледі. Осы науқанға және өнімді алдын ала сатып алуға 200 миллиард теңге бөлінді. Соның 70 миллиарды тұқым өндірісін дамытуға, тыңайтқыштар сатып алуға жұмсалады. Жалпы, азаматтар мен бизнесті қолдау үшін 6 триллион теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр. Бұл – қомақты қаражат. Үкімет пен құзырлы органдардың міндеті – қаржының тиімді жұмсалуын және осы үдерістің барынша ашық болуын қамтамасыз ету. Қол жеткізген нәтижемен шектелуге болмайды. Қалыптасқан ахуал әлі де күрделі. Коронавирус бүкіл әлемді жайлап келеді.

Вирус жұқтырғандардың саны 3 миллионға жуықтады. Бұл көрсеткіш өсіп бара жатыр. Пандемияның екінші кезеңі басталып кетуі де ықтимал. Қазақстан індеттің шарықтау шегінен өткен жоқ. Ахуалдың бақылаудан шығып кету қаупі бар. Өкінішке қарай, кейбір аймақтарда, әсіресе, Алматыда вирус жұқтырған дәрігерлер және медицина қызметкерлері өте көп. Сондықтан, солардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдануда. Мәселенің анық-қанығын зерттеп, бұған жол берген басшылардың жауапкершілігін қарау керек. Мұндай жағдайларға жол бермеу қажет.

Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жөн. Онсыз болмайды. Олай етпесек, індеттің жаңа ошақтары пайда болуы мүмкін. Коронавирусқа жеңіл-желпі қарауға болмайды. Карантин талаптарынан бір сәтте бас тартсақ, дертті қайтадан өршітіп аламыз. Коронавирус – адамның денсаулығына қатер төндіретін өте жұқпалы дерт. Мұны бүкіл әлем мойындап отыр. Ал, оны жоққа шығарып, жұртқа жалған ақпарат таратудың арты жақсылыққа апармайтыны белгілі. Бұл – азаматтарымыздың денсаулығына нұқсан келтіретін әрекет. Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым.

Бұл – біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы. Заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады. Елімізді пандемияның шеңгелінен құтқару – бәрімізге ортақ міндет. Мен үшін әр азаматтың өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Сонымен қатар Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетуге дайын. Алдымен, вирустың таралуын қатаң бақылауда ұстап отырған облыстар мен қалалардан бастауға болады.

Мемлекеттік комиссияға елорданың үлгісімен еліміздің барлық аймағында өз жұмыстарына кірісетін мекемелердің тізімін жасау тапсырылды.

Бірінші кезекте өнеркәсіп кәсіпорындары, құрылыс, жол құрылысы және көлік компаниялары, банктер және халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысқа кірісуі керек.

Бірақ барлық санитарлық нормаларды сақтап, жұмыс орындарында үнемі дезинфекция жүргізіп тұру қажет. Күнделікті өмірде әлеуметтік ара қашықтықты ұстанған жөн.

Кәсіпорын басшыларына және жергілікті атқару органдарына жеке жауапкершілік жүктеледі. Бұл орайда барлық деңгейдегі әкімдіктердің рөлі айтарлықтай артады.

Үкімет келесі айда да табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көлемінде көмек береді. Қайтадан өтінім жіберудің қажеті жоқ. Төлем бұрын ұсынылған құжат бойынша жүзеге асырылады. Мұқтаж отбасылар азық-түлік ала береді. Оқшаулану кезінде ата-аналарға кішкентай балаларымен төрт қабырғаға қамалып отыру оңай емес.

Мемлекеттік комиссия әкімдіктермен бірлесіп, аулаларды және ойын алаңдарын ашу мәселесін ойластыруға тиіс. Әрине, алдымен, барлық санитарлық нормалар мен санитарлық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы керек.

Саяжай иелері де қатты алаңдап отыр. Өйткені, қазір көктемнің дәл ортасы, жұртқа қолайлы кезең. Мемлекеттік комиссия бұл мәселені қарастырды, енді оны шешу жолын айтады. Елімізде жолаушыларға арналған барлық әуе тасымалы тоқтады. Бұл дер кезінде қабылданған дұрыс шешім болды.

Дегенмен, салыстырмалы түрде жағдайдың тұрақтанғанын ескеріп, Үкімет 1 мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды. Мұндай шара азаматтармен қатар індетпен күресіп жүрген көптеген мамандардың жұмысы үшін қажет.

Барлық қауіпсіздік шараларын мұқият ойластырып, авиациялық және санитарлық қызметтердің өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу маңызды.
Карантин режимін біртіндеп жеңілдету дегеніміз өзіміз үйренген күнделікті тіршілікке қайта оралу емес екенін ұғынғанымыз жөн.
Ойын-сауық және сауда орталықтары, кинотеатрлар, ресторандар, саябақтар мен адам көп жиналатын басқа да орындар әзірге жабық болады. Жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер қашықтан оқытуды жалғастыра береді.

Ел тұрғындарын бұл шараларға түсіністікпен қарауға шақырамын. Халқымызда «Төзім тілекке жеткізеді» деген мақал бар. Сондықтан сабыр сақтайық. Күннің жылынуы мен карантиннен шаршағандық жауапсыздыққа себеп болмауға тиіс. Карантин режимі бұзылса, коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт көбейіп кетуі мүмкін.

Әсіресе, созылмалы ауруы бар және егде адамдар ерекше сақ болуы керек. Тіпті, кішкентай балалар да ауру жұқтыруы мүмкін екенін байқадық. Сондықтан олардың денсаулығына бей-жай қарауға болмайды. Әзірге бұл вирустың вакцинасы жоқ. Карантин шараларын қатаң ұстансақ қана індеттен құтыламыз. Аса қажеттілік болмаса, ешқайда шықпай, үйде отырыңыздар. Бұл, әсіресе, қазіргі қасиетті Рамазан айында өте маңызды.

Осы кезеңнің де асыл мұраты – шыдам мен төзім, сабыр мен қанағат екенін білесіздер. Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Оразада бірқатар рәсімнен тартынуды ұсынды. Сондықтан осындай уақытта ауызашардың өзін көпшілікпен бірге өткізе алмайтынымыз белгілі.

Алдағы мамыр айындағы мерекелерді де үйде атап өтуге тура келеді. Бірақ, Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірде-біреуі елеусіз қалмайды. Бәріне лайықты құрмет көрсетіледі.

Әкімдер соғыс және тыл ардагерлеріне материалдық көмек береді. Денсаулық сақтау министрлігі ауруды тест арқылы анықтау жұмысын барынша күшейтуге тиіс. Оны халықаралық стандартқа сәйкес тәулігіне кем дегенде 20-25 мыңға дейін жеткізу қажет. Осыған орай, Үкіметке қысқа мерзім ішінде отандық тест-жүйесінің өндірісін қолға алуды тапсырамын. Біз иммунобиологиялық препараттарды әзірлеу үшін қолда бар мүмкіндіктерімізді толық пайдалануымыз керек. Вакцина қолжетімді болған кезде Қазақстан шетелдің дәрі-дәрмегін күтіп отырмауы қажет. Дағдарыстан кейін де біз медицинаны дамытуға баса мән береміз. Бұл салаға мемлекет тарапынан ауқымды қолдау көрсетіледі.

Үкімет Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекс жобасына осы саланы жетілдіретін нақты ұсыныстар енгізуге тиіс.

Парламент бұл кодексті сессияның соңына дейін қабылдайды деп ойлаймын. Біз қазірден бастап дағдарыстан кейінгі кезеңге дайындалуымыз керек. Бұл жөнінде Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің 24 сәуірде өткен отырысында нақты айтты. Үкімет пен Ұлттық банк 11 мамырға дейін Экономикалық дамуды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды дайындайды. Онда дағдарыстан зардап шеккен салаларға қолдау көрсету шаралары қамтылады. Бүгінде еліміз дамудың жаңа деңгейіне қадам басып отыр. Шын мәнінде, біз енді мүлде жаңа жағдайда өмір сүретін боламыз.

Сондықтан экономикаға және мемлекеттік басқару жүйесіне ауқымды әрі маңызды өзгерістер қажет. Індетпен күрестің алдыңғы шебіндегі азаматтарды тағы да ерекше атап өткім келеді. Халықтың қауіпсіздігі үшін жанкештілік танытып жүрген дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне және әскери қызметшілерге алғыс айтамын. Қауіп-қатерге қарамай мұқтаж жандарға көмек қолын созған волонтерлерге де ризашылық білдіремін. Сондай-ақ, халыққа жедел және шынайы ақпарат таратып жүрген журналистер қауымына алғыс айтамын. Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға атсалысқан мемлекеттік аппараттың қызметкерлері де құрметке лайық.

Қазақстан халықаралық қоғамдастықтан еш нәрсені жасырмай, барлық мәліметті ашық жариялап отыр. Сондықтан кейбір азаматтарды бос сөз бен жалған мәліметке жол бермеуге шақырамын. Әрине, мемлекеттік органдардың жұмысында олқылықтар бар, бірақ, мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі жұмысын адал атқаруда. Кемшіліктерді біз көріп отырмыз. Одан тиісті сабақ алып, қажетті шараларды қабылдаймыз.

Бұл дағдарыс бірлігі бекем, елін сүйетін отаншыл жұрт екенімізді көрсетті. Қашанда осылай ұлт болып ұйыса білсек, барлық мақсатымызға қол жеткіземіз. Оған ешқандай күмән жоқ. Елдің қамы үшін бастаған ісіміз қайырлы болады деп сенемін! Халқымыз «Береке басы – бірлікте» дейді. Жұдырықтай жұмылсақ, кез келген қиындықты жеңеміз!

Біз біргеміз!

Дорогие соотечественники!

С 16 марта наша страна живет в режиме чрезвычайного положения. Это время оказалось сложным для многих граждан. У кого-то упали доходы, кто-то потерял работу, кому-то пришлось поменять жизненные планы. По-человечески всем сочувствую.

Мне пришлось принять столь непростое, но необходимое решение, чтобы предотвратить широкое распространение опасного вируса в Казахстане.

Это в значительной степени удалось. Пандемия не растет в геометрической прогрессии. Действия Казахстана получили положительные отзывы Всемирной организации здравоохранения и международных экспертов.

В стране введены жесткие карантинные меры, приостановлена работа общественного транспорта, большинство организаций и учреждений перешло на дистанционный режим работы, проводится дезинфекция улиц и жилых объектов, все заразившиеся граждане получают медицинскую помощь.

Конечно, ситуация в разных частях страны не одинаковая.

В некоторых регионах всплеск заболеваемости, по всей видимости, уже пройден. В других – динамика распространения вируса пока тревожная.

Мы действуем в зависимости от конкретной обстановки на местах.

Нашей главной задачей является сохранение жизни и здоровья граждан. Мы также принимаем меры по сохранению доходов населения, обеспечению социальной и экономической стабильности.

Еще раз хочу заверить – в этих сложных условиях никто не останется один на один со своими проблемами, государство никого не оставит в беде.

В период чрезвычайного положения мной обнародованы два пакета мер поддержки. Идет их активная реализация, хотя не обходится без административных промахов, которые вызывают справедливые нарекания общества.

4 миллиона 250 тысяч человек получили финансовую помощь. Более 570 тысяч получили продуктовые наборы. Мы планируем обеспечить продуктами более 1,1 миллиона казахстанцев. Выделяются средства из Фонда “Біргеміз”, созданного по инициативе Первого Президента – Елбасы. Активную работу ведет партия “Nur Otan”. Более 1,6 миллиона человек в апреле-мае получат помощь от государства на оплату коммунальных услуг. На постоянной основе проводится мониторинг наличия и качества продовольственных товаров. Необходимых продуктов в стране достаточно. Местные власти осуществляют контроль за ценами на социально значимые продукты.
Мы стараемся финансово поддержать наших медиков, которые находятся на передовой борьбы с пандемией. Минздрав и акимы принимают меры по поддержке других категорий медицинских работников.

Более 1,6 миллиона граждан и 11,5 тысяч субъектов МСБ получили отсрочку по выплатам займов и кредитов на общую сумму более 360 миллиардов тенге.

Малый и средний бизнес сегодня находится в сложном положении. Если мы сегодня не поможем ему выстоять, о восстановлении экономики страны не может быть и речи.

Мерами налогового стимулирования охвачено более 700 тысяч компаний и индивидуальных предпринимателей, что позволит им сэкономить около 1 триллиона тенге.

Выделены средства для кредитования малого и среднего бизнеса по приемлемым ставкам. Чтобы избежать сокращений людей и их зарплат формируется Реестр системообразующих компаний, которым будет оказана соответствующая поддержка. В него должны войти действительно важные для нашей экономики компании.

Несмотря на все сложности, продолжают работать аграрии. Их труд заслуживает искреннего уважения.
Вопросы проведения весенне-полевых работ в основном решены. Никаких препятствий здесь не должно быть. Это задача Министерства сельского хозяйства и акимов.

200 миллиардов тенге направлены на финансирование весенне-полевых работ и форвардный закуп, в том числе 70 миллиардов выделены на развитие семеноводства, приобретение удобрений и пестицидов.

В целом объем средств, направленных на поддержку граждан и бизнеса, составил почти 6 триллионов тенге.
Это, как вы понимаете, огромная сумма. Задача Правительства и контролирующих органов – обеспечить абсолютную эффективность расходуемых средств, прозрачность всего процесса финансирования.

Успокаиваться на достигнутых результатах нельзя. Ситуация по-прежнему крайне серьезная. Коронавирус продолжает атаковать весь мир. Число заболевших приближается к 3 миллионам человек, и эта цифра будет расти. Ожидается вторая волна пандемии.

Пик заболеваемости в Казахстане окончательно не пройден. По-прежнему сохраняется угроза выхода ситуации из-под контроля.
К большому сожалению, в некоторых регионах, прежде всего, в Алматы коронавирусом заразилось большое количество врачей и медицинских работников. Принимаются меры для обеспечения безопасности медицинского персонала. Следует тщательно проанализировать причины, определить ответственность должностных лиц, не допустить повторения такой ситуации.
Без дальнейшего соблюдения мер предосторожности могут возникнуть другие очаги инфекции. В случае одномоментного снятия карантинных мер, мы столкнемся с новой волной заболеваемости.

Опасность болезни преуменьшать нельзя. Коронавирус отличается повышенной заразностью и несет в себе серьезнейшую угрозу здоровью людей. Это признает практически весь мир.

Утверждать обратное – значит идти против здравого смысла или преследовать злой умысел.

С учетом складывающейся ситуации в нашей стране и на основании предложения Государственной комиссии и экспертов я принял решение подписать Указ о продлении режима чрезвычайного положения до 11 мая текущего года.

Это решение продиктовано нынешней сложной реальностью.

В соответствии с законом 11 мая режим ЧП будет завершен, если, конечно, не произойдет новая массовая вспышка эпидемии. Надеюсь, что этого не случится.

Наша общая задача – не допустить негативного сценария в Казахстане. Для меня нет ничего важнее жизни каждого соотечественника.
В то же время Государственная комиссия по обеспечению режима ЧП готова пойти на смягчение карантинного режима, прежде всего, в областях и городах, где ситуация с распространением вируса находится под контролем.

Государственной комиссии поручено определить перечень организаций, которые начнут свою работу во всех регионах страны по примеру столицы.

В первую очередь, это промышленные предприятия, строительные и дорожно-строительные, транспортные компании, банки, ЦОНы.
Но при этом следует обеспечить соблюдение всех санитарных норм, проводить регулярную дезинфекцию рабочих мест. В повседневной жизни нужно придерживаться правил социального дистанцирования.

Руководители предприятий и местные исполнительные органы несут за это персональную ответственность. Значительно вырастает роль акиматов всех уровней.

Правительство выплатит помощь гражданам, потерявшим доходы, в размере 42500 тенге и за второй месяц.
Вновь подавать заявку не нужно. Выплаты будут осуществляться на основе представленных ранее документов.
Нуждающиеся семьи продолжат получать продуктовые наборы.

В период изоляции непросто приходится родителям с маленькими детьми, которым особенно тяжело сидеть в четырех стенах.
Государственная комиссия совместно с акиматами должны проработать вопрос открытия доступа к детским и дворовым площадкам.
Естественно, с жестким соблюдением всех санитарных норм и требований.

Сильно переживают дачники, потому что в разгаре самая важная весенняя пора. Госкомиссия рассмотрела этот вопрос, решение будет обнародовано.

В стране остановлены все пассажирские авиаперевозки. Это было полностью оправдано. Но с учетом относительной стабилизации ситуации Правительство откроет с 1 мая авиарейсы между столицей и Алматы.

Это необходимо как для граждан, так и для работы многих специалистов, в том числе задействованных в борьбе с вирусом.
При этом важно тщательно продумать все меры предосторожности, разработать регламент взаимодействия авиационных и санитарно-эпидемиологических служб.

Частичные послабления карантина нельзя рассматривать как возвращение к обычному укладу жизни. Торгово-развлекательные центры, кинотеатры, рестораны, парки и прочие места массового скопления людей пока будут закрыты для посещения. Сохранится дистанционное обучение в вузах, колледжах, школах. Призываю казахстанцев с пониманием отнестись к указанным мерам, нужно потерпеть.

Теплая погода и усталость от карантина не должны стать причиной безответственности. Нарушения карантинного режима могут кратно увеличить количество жертв коронавируса. В основной группе риска остаются люди с хроническими заболеваниями, представители старшего поколения. Но практика показывает, что могут заразиться и дети, а их здоровьем мы не имеем права рисковать.

Вакцины от коронавируса пока нет. Только строгое соблюдение карантинных мер спасает тысячи людей от опасного вируса. Прошу вас не покидать без особой нужды свои жилища.

Это особенно важно в период священного месяца Рамазан. В этом году по рекомендации Духовного управления мусульман Казахстана нам придется отказаться от некоторых традиций, в том числе от сбора гостей на ауызашар. Впереди также майские праздники, которые тоже придется отметить дома. Но ни один из ветеранов Великой Отечественной Войны не останется без внимания. Акимы окажут ветеранам войны и тыла материальную помощь.

Перед Министерством здравоохранения стоит задача увеличить объемы тестирования минимум до 20-25 тысяч исследований в сутки, что соответствует ведущим международным стандартам. Правительству поручается в кратчайшие сроки вывести производство отечественных тест-систем на промышленный уровень. Нам нужно принять меры по использованию имеющихся мощностей для производства иммунобиологических препаратов. Когда рецептура вакцины будет доступна, Казахстан не должен зависеть от ее поставок из-за рубежа.
В посткризисный период мы уделим приоритетное внимание развитию медицины. Эта сфера получит масштабную государственную поддержку.

Правительству следует внести в проект нового Кодекса о здоровье народа и системе здравоохранения практические предложения по улучшению системы охраны здоровья населения. Надеюсь, Парламент примет Кодекс до конца сессии.

В целом уже сейчас мы должны готовиться к посткризисному периоду. Об этом убедительно высказался Елбасы на заседании Совета Безопасности 24 апреля.

Правительство, Национальный банк до 11 мая подготовят Комплексный план по восстановлению экономического роста, включающий поддержку наиболее пострадавших отраслей.

Наша страна вступает в качественно новую фазу своего развития. По сути, мы будем жить в новой реальности. Поэтому предстоит осуществить масштабную, глубинную трансформацию экономики и системы госуправления. Сегодня вновь обращаюсь к гражданам, которые находятся на передовой борьбы с пандемией.

Еще раз выражаю благодарность нашим врачам и всему медицинскому персоналу, сотрудникам правоохранительных органов и военным, которые стойко и самоотверженно обеспечивают безопасность людей.

Благодарю волонтеров. Они, несмотря на риски, ежедневно помогают нуждающимся гражданам. Хочу выразить признательность журналистам и работникам средств массовой информации, продолжающим снабжать граждан оперативной и достоверной информацией.

Слов поддержки заслуживают и работники госаппарата, в сложнейших условиях обеспечивающие жизнедеятельность государства и реализацию пакета антикризисных мер.

Казахстан абсолютно открыт перед международным сообществом, мы публикуем все данные, какими бы печальными они ни были.
В этой связи прошу некоторых граждан воздержаться от конспирологических сплетен.

Да, в работе государственных органов имеются упущения, в том числе системного характера. Мы их видим, извлекаем уроки, в посткарантинный период примем необходимые меры. Но большинство государственных работников работает честно и даже самоотверженно.

Кризис показал, что казахстанцы – это нация настоящих патриотов. С вашим заинтересованным участием мы сможем достичь всех поставленных целей. В этом нет никаких сомнений.

Сообща мы справимся со всеми трудностями и проблемами! Мы вместе! Біз біргеміз!

Редактор

Recent Posts

Сарыкөл ауданында «Өнеріміз саған, Қазақстан!» байқау-фестивалі өтті

Ұлттық өнер құндылығы дәріптелген іс-шарада аудан өнерпаздары өнерлерін паш етіп, шеберліктің шыңын көрсетті. (далее…)

2 недели ago

Подучетных службы пробации Сарыкольского района познакомили с программами по поддержке молодежи

В Сарыкольском районе прошла встреча с лицами, находящимися на учете в службе пробации, на котором…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

This website uses cookies.