Өткен аптада өңірге ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров арнайы жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуға аса көңіл бөлініп, соның нәтижесінде мемлекет тарапынан еңбек етіп жүрген жандарға мейлінше қолдау көрсетіліп келеді.

Астықты өлке – Сарыкөлде де аталған сала қарқынды дамып, игілігін ел көріп отыр.

Cарыкөлдік аграрлармен кездесті

Мәртебелі мейман өңірдегі сапарын Тәгіл ауылдық окру-гіндегі «Сатаев Б.Х» шаруа қожалығының егіс алқабы жұмысымен танысудан бастады. 25 жылдық тәжірибесі бар қожалық басшысы Баймырза Сатаевтың айтуынша, көктемгі дайындық жұмыстарын аяқтап, дән себуді бастауға әзір екендіктерін жеткізді. Барлық қажетті өнімдер мен техника жеткілікті.

Содан соң Сарыкөл кентіндегі «Мелитопольское» ЖШС-нің бүгінгі жағдайын біліп, онда ауданның белгілі ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен кездесіп, тыңайтқыш-тар мен фунгицидтерге қатысты мәселелерді талқылады. Көкейтесті сауалдарға жауап берді.
Бұдан кейін Маяк ауылына ат басын бұрып, «Олжа Арыстан ПК» ЖШС № 9 алқабын қарады. Сонымен қатар, сол серіктестіктің химиялық ерітінділер мен минералды тыңайтқыштар дайындайтын орталық алаңына және № 24 егіс алқабына (Златоуст ауылдық округі) барды.

Сапар жұмысына Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхам-бетов, облыстық ауыл шаруашылығы және және жер қатынастары басқармасының басшысы Жансұлтан Таукенов және аудан әкімі Амантай Балғарин қатысты.

Айдарбек Сейпілұлы ауыл шаруашылығына бағытталған мемлекеттік бағдарламалар, мал шаруашылығын дамыту жайында айта келе, сарыкөлдік кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.

Министрдің бірінші орынбасарымен сұхбат

Осы іс сапар барысында, бізге ҚР ауыл шаруашылық министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровпен сұхбаттасудың сәті түсті.
Оның айтуынша, Қостанай облысының аграрлары 4,7 млн гектар (жаздық егіс) алаңда егуді жоспарлап отыр. Дәнді және дәнді-бұршақты алқаптардың басым бөлігі дәстүрлі түрде – 3,8 млн гектарды құрайды. Ал, майлы дақылдар биыл 700 мың гектарға дейін өседі (2019 жылы 510 мың гектар). Сонымен қатар, мал азығы 176 мың га дейін қысқарады (2019 жылы 237 мың га). Фермерлер бір жылдық шөптер, дән қоспасы, көпжылдық шөптер, сүрлем дақылдарын егеді.

Фермерлер егуге арналған тұқыммен толық – 528 мың тонна қамтамасыз етілді., барлық кондициялық, ылғал жабу жолдар астында жаздық егіс аяқталды, сонымен қатар 836 мың га белгіленген 2,1 млн гектарда егу алдындағы өңдеу жұмыстары жүргізілді.

– Айдарбек Сейпілұлы, Сарыкөлге алғашқы келуіңіз бе, жалпы аудан туралы айта кетсеңіз?

– Бүгін біз Сарыкөл ауданына жұмыс сапарымен келіп қалдық. Ірі және орта шаруашылықтармен кездесіп, жұмыс барысын қандай деңгейде жүріп жатқанын өз көзімізбен көрдік.

Сарыкөл ауданында бұрын да болғанмын. Бірақ, жылдан жылға қозғалыстар, өзгерістер бар. Аудан кішкене көркейіп қалыпты. Бүгін шаруашылықтар да біраз жағдайын түзеп алыпты. Бұл барлығы біздің айтып отырғанымыз – Елбасымыздың бастап кеткен ауыл шаруашылығына деген көңіл. Өздеріңіз білесіздер, кезінде Кеңес үкіметінен тоқсаныншы жылдары бөлінгенде жағдайымыз өте қиын болды. 50 пайызға дейін егіндер де салынбады. Елбасымыз осының бәрін қолына алып, көңіл бөліп, арнайы тапсырма берілгенінің арқасында бүгін осындай жетістікке жетіп отырмыз. Бірақ та, уақыт бір орында тұрған жоқ, әрімен қарай даму керек. Жаңа технологияларды кіргізу керек. Сол үшін бүгінгі Президентіміз де соған көңіл бөліп отыр. Ауыл шаруашылығына деген қолдау жақсы. Шаруалар осы қолдауды пайдаланса, шаруашылықтар көтеріліп, дами түсетіні белгілі. Осылайша нәтижесі жақсы болады деп ойлаймын.

– Шаруаларға не жетіспейді? Нені байқадыңыз?

– Мемлекеттік қолдаудың арқасында жұмыс жоғары деңгейде жүріп жатыр екен. Бір жағынан Президенттің тапсырмасы жергілікті жерде қалай орындалып жатқанын көріп жатырмыз. Бұл, әрине, жергілікті жердегі басшыларға да байланысты. Жұмысты істеп, жеткізгені көрінеді. Бүгін бүкіл техника егіс алаңына шығып, жұмыс жасап, егін салуды бастағалы жатыр. Тұқымды жақсы дайындаған. Тыңайтқыштарды да уақытында алыпты. Осы жұмыстарды осы айдың аяғына дейін бітіру керек.

– Сарыкөлдік кәсіпкерлерге қандай тапсырма бердіңіз?

– Шаруашылықтар қажетті жұмыстарды өз уақытында өткізсе, сол елдің тұрғындарында бәрі жақсы болады. Жаңа шаруашылықтарға тек егінмен ғана айналыспай, мал шаруашылығына көп көңіл бөлу керек деп айттым. Өйткені, Ауыл шаруашығлығымен жалпы айналысатын болсақ, онда келешекте бәрі де болады. Жалғыз ғана өзіміздің Қазақстанда емес, экспорт жағын күшейту керек. Қаншама мемлекет қазір бізге қарап отыр. Экспортты күшейтсек, ертең жалпы Қазақстанның дамуына, ауыл шаруашылық үлкен бір әсер береді.

– Ал, шаруалар мен тұрғындарға қандай тілегіңіз бар?

– Енді мынау шаруашылықтарға тілейтінім, уақытында бәрін сеуіп, уақытында шашпай-төкпей жинап алу. Егін бітік шығып, қамба толсын. Ал, тұрғындардың денсаулығы мықты болсын, мынау індеттен аман-есен өтейік, ол үшін Қазақстанда барлық жағдайлар жасалған. Ең бастысы, экспортпен дұрыс айналыссақ, дамып жатқан еліміз одан әрі дами береді. Еліміз дами берсін, еліміз бай болсын!

Мықты серіктестіктің бірі – «Мелитопольское»

Аудан бойынша бірден аяққа тұрып кеткен бұл ірі серіктестік көктемгі дала жұмыстарын 29 сәуірде бастап кетті.
Директоры – Эдуард Двуреченский бастаған шаруашылықтың іргелі ізденісі мен жағымды жаңалықтарын сөз еткенді жөн көрдік.
Оның айтуынша, шаруашы-лықта барлығы 12 716 гектар ауыл шаруашылық жері бар. Соның ішінде егістік жер – 11790 гектар, жарма – 9450 га, бидай – 8950, арпа – 500 га, бу – 2340 га. Ал, астық шығымдылығы – гектарына 16-19 центнерден. Астықтың жалпы түсімі – 2019 жылы 11867 болды.

Қызметтерінің негізгі түрі – өсімдік шаруашылығы. Элита және супер элита тұқымын егеді. Оны өздері өсіреді. Барлығы 75 адам жұмыс істейді. Биылғы жылы орташа жалақы 120 000 теңгені құрады.

– Алтыншы жылға аяқ бастық. Ең бастысы, ұжымды кәсіби мамандарға толтырып алдық. Бұл бастысы, ал, екінші орында заманауи техника. Біз үшін ең бірінші орында – мамандар. Яғни, кез-келген техниканың тілін таба білетін, нәтижеге қол жеткізе алатын адамдар. Алайда, жоғары өнімділігі бар техникамен де ештеңеге қол жеткізе алмайтын, ал жай техникамен де жоғары жетістікке жететін кейбір мамандар болады. Міне, бұл – нағыз кәсібилік. Өйткені, олар өз ісін жақсы көреді. Біз соларға басымдық береміз. Мен жетістікке жету үшін онымен сауатты жұмыс істеу керек деп есептеймін, – дейді Эдуард Валентинович.

Шаруа адамы өзін сөзден гөрі іске мығым екенін, тәжірибелік білімі мен ерекше ұйымдастырушылық қабілеті бар білікті басшы ретінде көрсете білді. Бұл сөзімізді қол астындағы жұмысшылары да құптайды. Себебі, 5 жылдың ішінде серіктестіктің шырайын кіргізіп, аудан, облыс бойынша ауылшаруашылық өндірісін жоғары технологиялық жолға қойған іргелі агроқұрылымдардың біріне айналды.
Тауарлы астық өндірісімен қатар дәнді және майлы дақылдардың жоғары сұрыпты тұқым ісін дамытуға бағдар ұстанған бұл серіктестікте 8 жүк көлігі, 16 трактор, 9 комбайн, солардың ішінде заманауи 2 Бюллер, 3 Джон-Дир, 9 Джон-Дир комбайны бар. Өнімділігі жоғары егіс кешені 2 кең тісті Degelman тырмасы, 1 Baracuda диск тартқышы, 1 Horsch Joker диск тартқышы, 1 Ecolo Tiger жер жыртқышы сияқты жаңа технологиялар үлкен нәтиже беріп отыр. Соның арқасында орта есеппен гектар өнімділігі 19 центнерден асып жығылды. Сонымен қатар, 1 машина ауласы, 1 механикалық ток және 5 бидай сақтайтын қойма (сыйымдылығы 4,6 мың тонналық) серіктестік еншісінде. Техникаларды белсенді түрде жаңартып отырады.

– Жыл сайын тұрақты түрде жаңа техника сатып аламыз. Негізінен олар Солтүстік Америка, Америка және Канадалық техникалар. Осы жылы біз екі танымал гейдельберг шеберлері құрастырған техника сатып алдық. Бұл әлем бойынша ең үздік деп танылған. Қазақстан бойынша көп адамның қолына түсе бермейді. Сондай-ақ, осы жылы Baracuda дақылдарының қалдықтарын тегістеуге арналған CASE IH жабдығын сатып алдық. Бұл жоғары өнімді дақылдарды өсіру кезінде өсімдік қалдықтарын көп мөлшерде тиімді болуға, әсіресе, қатал сабағы бар әр түрлі будандарға арналған. Ал, былтыр біз жер қойнауын жыртатын Case IH Ecolo-Tiger алған болатынбыз. Бұл да жаңа машина. Horsch Joker диск тартқышын алдық. Сондықтан, біз жыл сайын техникамызды жаңартуға тырысамыз, – дейді шаруа.

Механизаторлар Александр Масленников пен Василий Гизбрехт осы серіктестікте ашылғаннан бері жұмыс істейді. Джон-Дир заманауи техникасын тізгіндеген олар бір тәулікте 1000 гектар жер өңдейді. Қос маман да басшылары Эдуард Валентиновичтің нағыз іскер азамат екенін алға тартып, барлық жағынан да қамқорлық танытатынын тілге тиек етті.

-Бізге бәрі ұнайды. Джон-Дирді бұрынғылармен салыстырғанда айырмашылығы жер мен көктей. Ең бастысы уақыт жоғалатпаймыз. Бұл техника сапалы жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұның бәрі осы серіктестік басшысының арқасы. Барлық жағдайды жасап қойған. Жалақы көңілімізден шығады. Тамағымыз тегін, – дейді білікті мамандар.

Айта кетейік, Сарыкөл ауданының көктемгі дала жұмыстарына дайындық бүгінде қыза түскен. Егіс алқаптарының алдын-ала құрылымы бойынша көктемгі егіс көлемі 326,6 мың га, будың көлемі 56 мың га (17,1%) құрайды. Ал, дәнді және бұршақты дақылдар – 250,2 мың га, майлы дақылдар – 70,1 мың га, жемшөп дақылдары – 4,72 мың га. Жалпы, егіс науқанына 970 трактор, 52 өнімділігі жоғары егіс кешені (Джон Дир, Бюллер, Кузбасс, Флексикойл, Бургаут), 1110 сепкіш, 63 ша-шыратқыш, 83 тұқым тиегіш, 129 терең соқамен кескіш, 202 қопсытқыш, 151 кетік, 2218 тырма, 350 тұқымдар мен тыңайтқыштарды тасымалдауға арналған автомобиль мен трактор қатысады.

Айталық, соңғы 5 жылда трактор жаңарту пайыз бойынша 6 пайызды құрайды. Ал, ағымдағы жылы ауданның агроөнеркәсіптік кешеніне 1 литріне 165 теңгеден 4894 тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.

Жалпы, Сарыкөл ауданында егін салу жұмыстары 15-ші мамырда жаппай басталады.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

Сарыкөл ауданында «Өнеріміз саған, Қазақстан!» байқау-фестивалі өтті

Ұлттық өнер құндылығы дәріптелген іс-шарада аудан өнерпаздары өнерлерін паш етіп, шеберліктің шыңын көрсетті. (далее…)

2 недели ago

Подучетных службы пробации Сарыкольского района познакомили с программами по поддержке молодежи

В Сарыкольском районе прошла встреча с лицами, находящимися на учете в службе пробации, на котором…

2 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

This website uses cookies.