«Тұғыры биік – Тәуелсіздік» – осындай атаумен бүгін аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтті

ҚР Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған шара барысында аудан әкімі Амантай Балғарин сарыкөлдіктерді айтулы күнмен құттықтады.

– Бүгінде Қазақстан – әлемдік кеңістікте маңызды орын алатын табысты, қарқынды дамып келе жатқан ел. Біз алға сеніммен жылжып, алдымызға қойылған жаһандық міндеттердің бірін – әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіру міндетін шешудеміз. Қазақстанның қалыптасуына аудан тұрғындары да үлкен үлес қосуда. Бүкіл елмен бірге Сарыкөл ауданы да дамып келеді, – деді өңір басшысы.

Сонымен қатар, Амантай Кәкімбекұлы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай еңбектегі жетістіктері үшін ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасын аудандық білім бөлімінің әдіскері Надежда Дедикке табыс етті.

Бұдан бөлек, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін ЖШС, ШҚ және ЖК басшыларына өз атынан Алғыс хат ұсынды. Олардың қатарында – Амангелді Жалғасов, Қаратай Өтемісов, Серікбай Жұмағұлов, Алмат Нуркин, Эдуард Двуреченский, Талиб Санакулов, Азамат Жолаушыбаев, Сергей Пысенков, Еркін Тұманов, Тұрсынбай Садвакасов, Владимир Колодий, Меңдібай Омаров, Светлана Сивамбаева, Марья Каневская, Валентина Пивоварова, Александр Шатохин, Дәмелі Аубакирова және Валерий Олейниктер болды. Сонымен қатар, ҚР Тәуелсіздігі күнін мерекелеу қарсаңында және еңбектегі жетістіктері үшін – полиция қызметкері Аман Шоқаев, дәрігер Ғайни Утенова, су басқарушы Татьяна Ближенская, қорғаныс бөлімнің маманы Сәуле Бусина, мұғалім Зейнеп Нурпеисова, фортепиано тәлімгері Наталья Погорелова, жаттықтырушы-оқытушы Нұрлан Тайжанов, психолог Светлана Дмитриенко жылу тарату қызметкері Жұмаділ Екзеков, учаскілік медбике Лариса Андреева, аға инженер Алма Әшімова, орманшы Валерий Ховренок, кітапханашы Майра Бурбаева, ветеринарлық фельдшер Роман Ващенко, робототехника мұғалімі Сағадат Дандыбаев және бас маман Ольга Мартыненконы марапаттады.

Салтанатты жиыннан соң өңір өнерпаздарының концерттік қатысумен өткен концерттік бағдарламаға ұласты. Айтпақшы, мәдениет үйінің кіреберіс залы «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тақырыбында кітап көрсмесімен көмкерілді.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

Сарыкөл ауданы Златоуст ауылының ішкі жолдары жаңарды

Ауылды дамыту – бүгінгі күннің басты мақсаты (далее…)

4 дня ago

Сенат депутаттарының Сарыкөлге сапары

Басты мақсат – күрделі мәселелермен күрес (далее…)

6 дней ago

Сарыкөл ауданында көше жолдары жөнделді

Жөндеу жұмыстары "Мелоян" жеке кәсіпкерлігімен бірлесе отырып жүзеге асырылды (далее…)

1 неделя ago

Село Маяк в Сарыкольском районе полностью обеспечено централизованным водоснабжением

Проект был реализован в кратчайшие сроки благодаря слаженной работе местных исполнительных органов и подрядных организаций.…

4 недели ago

В Сарыкольском районе продолжается проект по содействию лицам, состоящим на учете в службе пробации

Встреча с подучетными началась с выступления Жасгуль Тогжановой, юриста и представителя общественного фонда «Жанашыр бол».…

4 недели ago

Финансирование на ремонт дорог в Костанайской области выросло на 40 процентов в сравнении с 2024 годом

Об этом аким области рассказал во время посещения ТОО «СарыкольДорСтрой». (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.