Биыл еліміз үшін еңселі мереке – ҚР Тәуелсіздік күніне 29 жыл толады
Бүгін қастерлі мерекенің құрметіне орай аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында салтанатты шара өтті.
Оған аудан әкімі Амантай Балғарин арнайы қатысып, құттықтады.
– Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, сәтті күндер мен зор жетістіктер тілеймін! – деді аудан басшысы.
Сонымен қатар, Амантай Кәкімбекұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне орай бір топ адамға өз атынан мадақтама қағаздарын табыс етті. Олардың дені жалынды жастар болды.
– Аудан əкімінің атынан “Құрмет” мадақтамасына ие болуым – еңбенімнің еленгені деп білемін, – дейді мəдениет саласына сүбелі үлес қосып жүрген жастардың бірі – Абай Сейдахметов.
Абай Сейдахметов
Мінеки, осынау мереке қарсаңында «Сарыкөл» газеті де мерейі үстем болған жандарды және барша ағайынды ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, өр намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Приоритетным направлением работы Сарыкольского управления санитарно-эпидемиологического контроля является профилактика инфекционных болезней и обеспечение санитарной охраны…
Денсаулық сақтау саласы – әлеуметтік саланың негізгі бағыттарының бірі (далее…)
Денсаулық сақтау саласы – әлеуметтік саланың негізгі бағыттарының бірі (далее…)
Аудан тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады (далее…)
Алдымен оларды аудан әкімі қабылдап, дөңгелек үстел өткізді (далее…)
Село Троебратское - это самая окраина района, что на границе с Северо - Казахстанской областью.…
This website uses cookies.