Жоба аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда
29 тамызда аудан әкімдігінің көмек алаңында «Жанашыр бол» қоғамдық қоры пробация қызметінің есебінде тұрғандармен дәстүрлі кездесу өткізді.
Заңгер Жазгүл Тоғжанова құқықтық көмек беріп, жеке жұмыс жүргізді. Сондай-ақ, Сарыкөл ауданы бойынша кірістер басқармасының қызметкері Бибігүл Валиева да кездесуге қатысып, сотталғандарға жалпыға бірдей декларациялау жайында және жеке кәсіпкердің құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірді.
-Біздің мақсатымыз жоба аясында әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету. Өзекті әрі түйткілді мәселелеріңіздің түйінін тарқатып, аз да болса қол ұшын созу, – деді қор заңгері Жасгүл Тоғжанова.
Сонымен қатар, «Сұңқар» спорт кешенінде көмек алаңында сотталғандардың арасында спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Жүлдегерлерге мадақтама қағаздары мен сыйлықтар табысталды.
Жалпы, пробация қызметінің есебінде тұрғандарға жанашырлық танытып, әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсетіп келе жатқан «Жанашыр бол» қоғамдық қорының бұл жұмыстарының бір парасы ғана. Алдағы уақытта жалғасын табады.
Айта кетейік, бұл іс-шараларды «Жанашыр бол» ҚҚ аудандық пробация қызметімен бірге «Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әлеуметтік тапсырысы бойынша “Қамау орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды оңалту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» жобасы шеңберінде жүзеге асырып жатыр.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген С.Холодило
Она была организованная Молодежным ресурсным центром совместно с волонтерами школы-гимназии имени С.Баймагамбетова. (далее…)
Аталған шараның басты мақсаты – жастарды жаңа Конституция жобасымен және конституциялық реформаның негізгі бағыттарымен таныстыру,…
18 ақпанда Сарыкөл кентіне Жалпыұлттық коалиция мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Берік Бейсенғалиев пен…
На базе местной общеобразовательной школы прошел традиционный турнир по волейболу среди девушек 2010 года рождения…
Мимо его творений пройти спокойно невозможно. Они словно живые… (далее…)
В зимний период снегопады значительно осложняют передвижение пожилых людей и создают опасность при выходе из…
This website uses cookies.