Дала еңбеккерлерінің еңбегі еленуде
29 қыркүйекте «Мақатов Қ.Қ» шаруа қожалығының комбайншысы Юрий Мыскив Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Абыройлы еңбек етіп жүрген Юрий Борисовичті аудан басшысы Марат Шымырбеков ауа райының қолайсыздығына қарамастан егіс даласына арнайы барып, құттықтап, оған мәртебелі марапатты өз қолымен табыстап қайтты.
-Ел Президенті еңбек адамын ұдайы ұлықтап, олардың қоғамдағы орнын насихаттау қажет екенін әрдайым айтып келеді. Бұл – барша ауыл еңбеккерлеріне көрсетілген үлкен құрмет деп білемін. Құрметті Юрий Борисович, сізді бүгінгі марапаттыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, деніңізге саулық, еңбегіңізге табыс, отбасыңызға амандық тілеймін, – деді Марат Лесбекұлы өз құттықтауында.
Мәртебелі марапатқа ие болып, мерейі тасыған Юрий Борисовичтің жалпы еңбек өтілі – 33 жыл, оның соңғы 16 жылын аталмыш шаруа қожалығында адал еңбекпен өткізіп келеді.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген автор
С чего начать, если хочешь работать на себя? (далее…)
В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…
1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…
Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)
Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…
Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)
This website uses cookies.