Жастар азаматтық белсенділігін көрсетті.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесіне қатысты республикалық референдум аясында Сарыкөл ауданы бойынша референдум учаскелеріне келушілер саны артып келеді. Дауыс беруге қарапайым еңбек адамдары, ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер, денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері, сондай-ақ алғаш рет дауыс беріп жатқан жастар да белсенді қатысуда.
Сарыкөл кентіндегі №669 референдум учаскесінде екі студент – 18 жастағы Жібек Лесбек пен Ерәли Мырзабай алғаш рет өз таңдауларын жасады. Жастардың айтуынша, бұл олар үшін ерекше әрі жауапты сәт болды. Алғаш рет дауыс беруге келген қос студентке арнайы тәтті сыйлықтар табысталды.
– Көңіл күйім өте керемет. Референдумға келген сәттен бастап, ұйымдастыру жағы өте жақсы екенін байқадым. Өз дауысымды бірінші рет беру – мен үшін ерекше сезім. Әрине, аздап қобалжу болды. Бірақ еліміз үшін маңызды шешім болғандықтан, ойланып, өз таңдауымды жасадым, – дейді Жібек Лесбек.
Жалпы, Сарыкөл ауданы бойынша референдум учаскелерінде мерекелік әрі белсенді атмосфера қалыптасқан. Аудан тұрғындары жақсы көңіл күймен келіп, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген автор
Все участки готовы к приему граждан, на месте работают наблюдатели и проходят акции для первых…
Осындай игі шаралар халықтың бірлігін нығайтады. (далее…)
Форумда жаңа Конституция жобасы және өңірлердің дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралды. (далее…)
Юные спортсмены района показали высокий результат на соревнованиях, посвящённых 185-летию со дня рождения Ыбырая Алтынсарина.…
Бұл сауапты іске мешіт жамағаты мұрындық болды. (далее…)
Подразделение гражданской обороны готово к выполнению задач по ликвидации чрезвычайных ситуаций. (далее…)
This website uses cookies.