Аудан әкімдігінде өткен салтанатты шараның басты меймандары туған жерін, өскен өлкесін дамытуға үлес қосып жүрген азаматтар болды
Оларды аудан әкімі Амантай Балғарин арнайы құттықтап, марапаттады.
– Елбасымыз өзінің бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» жобасында іскер азаматтарды туған өлкені түлетіп, ауыл тұрмысын жақсартуға атсалысуға шақырған болатын. Кез келген адамның туған жеріне деген патриоттық сезімін оятқан құнды жобаның нәтижесін бүгінде ел көріп отыр.
Осы жоба аясында туып-өскен ауылында ірі әлеуметтік жобаларды іске асырып, көпбалалы отбасылар мен ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға көмек қолын созып, қайырымдылық жасап жүрген жандар аз емес.
Бүгінгі марапат иелері де ауданымызға еңбегі сіңген тұлғалар, – деп атап өтті ол. Сонымен қатар, Амантай Кәкімбекұлы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қайырымдылық және әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды жүзеге асыруда көрсеткен көмегі үшін барлығына шын жүректен алғысын білдірді. Айта кетейік, «Өтемісов» ШҚ (басшысы Шойынтай Өтемісов) «Жылдың үздік ұйымы», «Аникин» ШҚ басшысы Сергей Аникин «Туған өлке», «Сатаев» ШҚ басшысы Баймырза Сатаев «Жыл меценаты» және белгілі кәсіпкер, меценат, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Айтжан Есенгельдинов «Жыл тұлғасы» номинацияларымен марапатталды.
Руслан Әлкеев
Приоритетным направлением работы Сарыкольского управления санитарно-эпидемиологического контроля является профилактика инфекционных болезней и обеспечение санитарной охраны…
Денсаулық сақтау саласы – әлеуметтік саланың негізгі бағыттарының бірі (далее…)
Денсаулық сақтау саласы – әлеуметтік саланың негізгі бағыттарының бірі (далее…)
Аудан тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады (далее…)
Алдымен оларды аудан әкімі қабылдап, дөңгелек үстел өткізді (далее…)
Село Троебратское - это самая окраина района, что на границе с Северо - Казахстанской областью.…
This website uses cookies.