Сарыкөлде ең тапшы кадр мәселесі оң шешімін тапты

Сарыкөл аудандық орталық ауруханасында жарты жылға жуық тіс дәрігері болған жоқ

Бұл мәселе ең өзекті әрі тұрғындардың есеп беру жиындарында көтеретін өткір сауалдарының бірі болды.

Енді, міне, биылғы жыл басынан бастап осы мәселе оң шешімін тауып, аудандық аурухана тағы бір жас маманмен толықты.
Ауданымызға келген Қызылорданың тумасы Жарылқасын Исламов 2020 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін жалпы стоматология мамандығы бойынша тамамдаған. Осыған дейін Қызылорда қаласында жеке және мемлекеттік органдарда жұмыс істеген. Бүгінде тіс дәрігері ересектермен қатар бүлдіршін науқастарға да қызмет көрсетеді.

– Бұл жерге келгеніме еш өкінбеймін. Енді-енді үйреніп жатырмын. Ұжым ұйымшыл, әрдайым қол ұшын созуға дайын тұрады. Әріптестерімен тез тіл табысып кеттім. Менің мұнда келгендегі басты мақсатым – қолдан келгенше көпке қызмет көрсету дейді, – жас маман Жарылқасын Исламов.

Жалпы, адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі дәрігер адам анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы науқастан жиіркенбейтін, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болуы керек. Дәрігер болуды арман ететіндер өте көп. Алайда, екінің бірі дәрігер бола алмасы анық. Ол үшін дәрігерлік қызметке деген қызығушылық пен мамандық алу ғана жеткіліксіз. Сондай-ақ, олардың адам өміріне жауапкершілігі, құлшынысы мен адалдығы, адамдығы маңызды. Дәрігер болатын жанға үлкен жүрек керектігі, ақ халатты кір шалдырмау керектігі де бекер айтылмаса керек. Қанша сын айтылса да, халық дәрігерлер қауымын ерекше құрмет тұтатыны ақиқат.

– Тіс дәрігерін іздеген кезде Еnbek.kz арқылы хабарландыру бердік. Бізге Қызылордадан хабарласып, жұмысқа келуге келісті. Ол 8 қаңтардан бастап жұмысқа қабылданды. Енді бізге офтальмолог, хирург, лор және психиатор-нарколог керек. Алдағы уақытта бұл кадр тапшылығы да өз шешімін табады деп сенеміз, – дейді аудандық аурухананың кадр бөлімінің маманы Мира Султан.

Айта кетейік, жас маманға облыстық денсаулық сақтау басқармасынан 5 млн.теңге, жергілікті әкімдік бюджетінен 345 мың теңге көтермеақы берілмек. Сонымен қатар, оған уақытша тұруға үй берілсе, ал алдағы уақытта егер үй сатып аламын десе жеңілдетілген 5 пайыздық несие рәсімдеуге мүмкіндік қарастырылған.

Руслан Әлкеев

Редактор

Recent Posts

Сарыкөл ауданында көше жолдары жөнделді

Жөндеу жұмыстары "Мелоян" жеке кәсіпкерлігімен бірлесе отырып жүзеге асырылды (далее…)

1 день ago

Село Маяк в Сарыкольском районе полностью обеспечено централизованным водоснабжением

Проект был реализован в кратчайшие сроки благодаря слаженной работе местных исполнительных органов и подрядных организаций.…

3 недели ago

В Сарыкольском районе продолжается проект по содействию лицам, состоящим на учете в службе пробации

Встреча с подучетными началась с выступления Жасгуль Тогжановой, юриста и представителя общественного фонда «Жанашыр бол».…

3 недели ago

Финансирование на ремонт дорог в Костанайской области выросло на 40 процентов в сравнении с 2024 годом

Об этом аким области рассказал во время посещения ТОО «СарыкольДорСтрой». (далее…)

3 недели ago

«Я хочу лично акиму области вопрос задать!»: как прошла встреча с населением в Сарыколе

Подробно информирование населения о состоянии дел в районе сделал аким района  Марат Шымырбеков. (далее…)

3 недели ago

Как привлечь врачей в села? В Сарыколе озадачены этим вопросом

Но не только им, а также окончанием ремонта, - этим сейчас занято руководство районной больницы…

4 недели ago

This website uses cookies.