Сарыкөл кентінде қар шығару жұмыстары аяқталды

Бұл туралы бізге Сарыкөл кентінің әкімі Сергей Горшенин мәлімдеді

Сергей Витальевичтің айтуынша, кент ішіндегі қалың қарды сыртқа шығару жұмыстары 5-6 күнде атқарылып, жоспарланған жұмыстар толығымен аяқталды.

-Кенттің қалың қар басқан көшелерінің қарын шығаруға наурыз айында жеткізушілермен шарт жасалып, 3600 тонна қара шығару жоспарланды. Баға ұсынысы бойынша Екібастұз өкілі ұтып алып, өз еркімен жүктелген жұмыстарды жүргізді, – дейді кент әкімі.

Жалпы, кенттің қалың қар басып қалған көшелерін тазалау бойынша жұмыстар жүрді. Әлібек батыр көшесі бойындағы Өнер мектебінің маңы, Урицк мектеп-лицейінің Пушкин көшесі жағы, Айтбай батыр тұсындағы Ө.Сұлтанғазин орта мектебінің жаны және жол көлік қозғалысын реттеу мақсатында қар басып қалған бірнеше көше қиылыстарының қары шығарылды. Бұдан бөлек, Меңдеке батыр көшесі қасындағы ескі көлік тұрағының маңайы тазартылды.

Айта кеткен жөн, осы жұмыстарға жеке кәсіпкерлік иелері де (Сергей Драпеза, Радик Дүтпаев және Светлана Сивамбаева) тартылып, олардың көмегімен Павших-Борцов көшесінде орналасқан орталық базардың маңы қар құрсауынан босатылды.

Жалпы, кенттегі атқарылған ауқымды жұмыстар көктемгі тасқынға тосқауыл болмақ. Себебі, кент бойынша 13 мың жарым текше қар сыртқа шығарылды.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

В Сарыкольском районе прошли общественное слушание и встреча с подучетными службы пробации

В Сарыкольском районе состоялось общественное слушание по реализации социального проекта «Организация работы по ресоциализации и…

1 день ago

Сарыколь отметил 100-летие Назиры Дәулетовой

Юбилей, объединивший культуру и память. (далее…)

5 дней ago

В поселке Сарыколь прошел субботник по благоустройству территории

Всего в субботнике было задействовано порядка 80 человек. (далее…)

6 дней ago

В Сарыкольском районе отметили активистов территориальной коалиции

Участников коалиции поздравил исполнительный секретарь филиала партии «AMANAT» Бақытжан Жантемір. (далее…)

1 неделя ago

Паводковая ситуация в Сарыкольском районе стабильная

Аким района проверил объекты противопаводковой инфраструктуры в селах Севастополь, Тагильское, Крыловка и поселке Сарыколь. (далее…)

2 недели ago

«Армысың, Әз-Наурыз!» – Сарыкөлде Ұлыстың ұлы күні кең көлемде аталып өтті

Бүгінгі ауқымды мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, аудан тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.