Сарыкөл ауданының әкімі ел алдында есеп берді

Онлайн режимінде өткен жиынға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов арнайы қатысты.

Алдымен, Амантай Балғарин 2019 жылы атқарылған жұмыстар мен 2020 жылы алға қойылған міндеттер жайында баяндады.

– Ауданның әлеуметтік-саяси ахуалы қалыпты күйде сақталған. Аудан әкімі жанындағы ақпараттық-насихатық топ мүшелері Президенттің Жолдаулары мен Жобаларын, Үкіметтің іс-шаралары мен тапсырмаларын, олардың ауданда жүзеге асырылуы туралы аудан тұрғындары арасында кеңінен насихаттауда – деді ол. Сондай-ақ, стратегиялық құжаттардан туындайтын міндеттерді орындаудағы басым бағыттар – экономиканың белсенді дамуын қамтамасыз ету, инвестиция тарту, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру аясына тоқталды.

Жиын барысында аудан басшысы тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, сауалдарына жауап берді. Әкім есебін түйіндеген аймақ басшысы жергілікті билікке бірқатар тапсырма жүктеді. Сонымен қатар, Архимед Бегежанұлы тұрғындарды жеке сауалы бойынша қабылдау өткізді. Жұмыс сапары соңында өткен жылы ауданда «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында күрделі жөндеуден өткен Ново-Урицк орта мектебіне соқты.

Толығырақ «Сарыкөл» газетінен оқи аласыздар.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.