Сарыкөл ауданында ауыл, округ, кент әкімдерінің ауыл тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі басталды

«Барлық жетістіктеріміз – бірлескен еңбектің нәтижесі» – дейді аудан басшысы

Дәстүрлі іс-шара Урожайное ауылынан бастау алды. Әрімен қарай Тимирязев, Златоуст және Маяк ауылында жалғасқан кездесуде әкімдер он айда атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Бұл ауылдарда ауыл шаруашылығы, әлеуметтік, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт салаларында атқарылған шаруалар жетерлік. Сонымен қатар ауыл тазалығын сақтау, абаттандыру сынды жұмыстар оң шешімін тапқан. Бұл туралы ауыл, округ әкімдерінің баяндамасында егжей-тегжейлі айтылды.

Кездесулерде сөз алған аудан әкімі Марат Шымырбеков ауыл тұрғындарына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндап берді. Барлық ауылдарда мемлекет тарапынан қаржы бөлініп, атқарылып жатқан түрлі жобаларға тоқталды.

-Биылғы жыл бойынша ауданның бюджеті 5 млрд теңгеге жетті. Ауылдық округтерді қоса алғанда аудан бюджетінің өзіндік кірістері 2 миллиард теңгені құрады. Осы жылдың 10 айында 1 млрд 696,4 млн теңге түсті, бұл есепті кезең жоспарының 107,7%-ын құрайды (жоспар – 1 млрд 575,2 млн теңге).Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсімдер 15,7%-ға немесе 230 млн теңгеге артты (2024 жылғы 1 қарашадағы түсім – 1 млрд 466,3 млн теңге). Өңдеу өнеркәсібінде 4,6 млрд теңгеден астам сомаға өнім өндірілді, физикалық көлем индексі – 102,2%. Бөлшек сауда көлемі 3,7 млрд теңгені құрады, физикалық көлем индексі – 100,2%. Көтерме сауда саласында 5,6 млрд теңге көлемі тіркелді, физикалық көлем индексі – 349,1%. Жалпы, аудан кәсіпорындары тартқан инвестициялар – 10,9 млрд теңгені құрады, физикалық көлем индексі – 103,2%, – деп айырықша атап өтті аудан басшысы Марат Лесбекұлы.

Кездесулер өткен ауыл мен округтерде оң өзгерістер көп. Мәселен, сумен жабдықтау бойынша қос ауылда қосымша жұмыстар атқарылған. Маяк ауылында таратушы су құбыры желісін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, барлық тұтынушылар 100 пайыз сумен қамтамасыз етілді. Ал, Урожайное ауылында қалған үйлерді сумен жабдықтау жүйесіне қосу жұмыстары аяқталды. Ауылдағы 89 ауланың барлығы 100% қамтылды.

Сонымен қатар, Златоуст ауылында 500 текше метр көлемдегі таза су резервуарын жаңғырту 113,7 млн теңгені құрап отыр.

Автомобиль жолдарының сапасы халықтың жайлылығы мен өмір сүру сапасын айқындайтын негізгі факторлардың бірі. 2025 жылы Сарыкөл ауданы аумағында елді мекендердегі автомобиль жолдары мен көшелерді орташа жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілген. Қаржыландырудың жалпы көлемі 958,36 млн теңгені құрады, жөнделген учаскелердің жалпы ұзындығы – 15,82 км, барлығы 22 көшенің жолы жаңартылды.

Атап айтар болсақ, Златоуст ауылында Дружба, Новая, Целинная, Гагарин, Желязко көшелерінің жолы жаңарды (3,6 км, 208,58 млн теңге, техникалық қадағалау – 5,44 млн теңге). Оған қоса осы ауылдағы Ленин, Первомайская көшелері (2,7 км, 199,66 млн теңге, техникалық қадағалау – 5,7 млн теңге) келесі жылы жөнделетін болады.

Сондай-ақ, «Ананьевка ауылына кіретін жол» автожолы (0–6 км, 224,75 млн теңге) мен «Урожайное ауылына кіретін жол» автожолы (7–21 км, 898,16 млн теңге) бойынша сараптама аяқталған. Осы бойынша өтінім облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жолданған.

Жалпы, ауылдарда көшелерді жарықтандыру басты жолға қойылған. Тимриязев, Златоуст, Большие-Дубравы және Урожайное ауылдарында барлығы 16,5 шақырым көше жарықтандырылып, 200 шам орнатылды. Жобаның жалпы құны 36 миллион теңгені құрайды.

Білім саласы да назардан тыс қалған емес. Крылов және Краснодон мектептерінде 6 кабинетті жөндеуге 5,1 млн теңге жұмсалған. Сонымен қатар, медициналық кадрларды тарту бойынша биыл Тимирязев ауылында 1 фельдшер келіп, аудандық ауруханадан көтерме ақы алған.

Ауыл тұрғындарымен өткен кездесу барысында көкейкесті сауалдар да көтерілді. Урожайныйлықтар мектепте бала санының аздығына, ауылға тағы бір медбике керектігіне алаңдайтындықтарын жеткізсе, тимирзевтік тұрғын аудан орталығында мемлекеттік мекемелердің бір жерге шоғырландыру мәселесін тілге тиек етті. Ал, маяктықтар болса жер мәселесіне қатысты жанайқайларын жеткізіп, ауылдың ауылдан қандай артықшылығы барын сұрады. Сонымен қатар, Златоуст тұрғындары «Олжа-Агро» ЖШС-не қарайтын ауылдағы мәдениет үйінінің азып-тозып тұрған бүгінгі ахуалын айтып, оның әкімдік балансына өткізу жағын сұрады. Осыған дейін олар бұл мәселені әлеуметтік желіде көтеріп дабыл қаққан болатын.

Айта кетейік, златоустықтардың бүгінгі басты мәселесіне аудан әкімі Марат Шымырбеков пен «Олжа-Агро» ЖШС-нің бас директоры Нұрсұлтан Тұрсынов толыққанды жауап беріп, ауылдықтарды бір қуантып қойды.

– Өте маңызды сұрақ. Біз бұл мәселені жақсы білеміз, бірнеше мәрте талқыладық. Осы туралы әлеуметтік желіде де жарияланды. Бүгінгі таңда бұл ауылдық мәдениет үйі «Олжа-Агро» ЖШС-нің балансында тұр. Біз серіктестіктің бас директоры Нұрсұлтан Тұрсыновпен бірге осы мәселені егжей-тегейлі талқылап, бір шешімге келдік. Алдағы уақытта қайтарымсыз тегін негізде бұл нысанды аудандық мәдениет бөлімінің балансына аудару жұмыстарын жүргізетін боламыз. Енді бізге бұл ортақ мәселе, ауыл болып бірге жұмыс жасауымыз керек, – деді аудан әкімі Марат Шымырбеков.

Серіктестіктің бас директоры Нұрсұлтан Тұрарұлы да ауылдық мәдениет үйіне қатты алаңдайтындығын айтып, сол мақсатта осындай қадамға барып жатқандықтарын жеткізді. Сонымен қатар, ол Златоуст ауылының әлеуметтік дамуына өз үлестерін қоса беретіндіктерін баса айтты.

Жалпы, аудан әкімі Марат Шымырбеков өз сөзін қорытындылай келе, Сарыкөл ауданы тұрақты даму қарқынын сақтап келе жатқанын атап өтті. Ауданның меншікті кірістері мен инвестициялық белсенділігі артып, 10,9 миллиард теңгеден асып отыр.
Ауданның агроөнеркәсіптік әлеуеті жаңа құрама жем зауыттарының және сүт-тауар фермасының құрылысы сияқты ірі инвестициялық жобалар арқылы жүзеге асуда. Бұл жобалар 2026 жылы жаңа жұмыс орындарын ашып, ауданның экономикалық негізін күшейте түспек.

– Біз маңызды әлеуметтік міндеттерді ойдағыдай аяқтадық. Аудандық аурухананы күрделі жөндеуден өткіздік, мектептерге жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Сонымен қатар, ең басты бағыт – жол инфрақұрылымын айтарлықтай жақсарттық. Алдағы уақыттағы басты көніл бөлетін мәселеміз – өмірді қамтамасыз ететін барлық жүйелердің сапалы әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Биыл біз Комсомол және Барвин ауылдарында ауыз су мәселесін шешуге бағытталған ірі жобаларды аяқтап, тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ететін боламыз. Ауданның әрбір тұрғынын «Таза Қазақстан» бағдарламасына белсенді қатысуға, сондай-ақ жоспарланған жұмыстар мен инвестициялық жобалардың сапасы мен мерзімдерін қоғамдық бақылауда ұстауға шақырамын, – деп түйіндеді өз сөзін аудан әкімі Марат Лесбекұлы.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

Два новых учреждения обеспечат доступность медпомощи на селе в Сарыкольском районе

Строительство сразу двух ключевых объектов - фельдшерско-акушерского пункта (ФАП) в селе Маяк и медицинского пункта…

7 дней ago

Капремонт на бумаге: почти 250 миллионов тенге ушли, а школа осталась без ремонта

В Сарыкольском районе Костанайской области капитальный ремонт Тимирязевской средней школы так и не завершён, хотя…

3 недели ago

61 км трассы Костанай – Мамлютка спешат отремонтировать до наступления холодов

Этому участку большое значение во время укладки асфальтового покрытия уделял  аким области Кумар Аксакалов. Но…

4 недели ago

Сарыкөл ауданы Урожайное ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бұл бөлімше Урожайное мен Тимирязевтің өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. (далее…)

4 недели ago

Бостандыққа шыққан азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді

Сарыкөл аудандық пробация бөлімінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен жеке кездесу өтті. (далее…)

1 месяц ago

Шоқан мерейтойы туған жері – Сарыкөл төсінде кең көлемде аталып өтуде

Мерейтой — тарихқа тағзым етудің, рухани сабақтастықтың жарқын көрінісі (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.