Сарыкөл ауданы бойынша сауапты істер атқарылуда

Облыс бойынша бастау алған қайырлы іске сарыкөліктер де өз үлесін қосты

15 маусымда «Қабдеш ата» мешітінің ауласында жергілікті биліктің қолдауымен ауданның барлық ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің демеушілік жасауымен мал шалынып, тасаттық берілді.

Мешіт жамағаты мен игі іске атсалушылар истисқа намазын оқып, Аллаға дұға қылып, шүкіршілік жасады. Ауданның бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек тасаттықтың батасын беріп, жиналған жамағатқа тасаттықтың мән-маңызы турасында сөз қозғап уағыз айтты. Асылхан қажы Мұханбетжанұлы өз сөзінде тасаттықтың Алла тағаладан дұға қылу, тілеу, біздің тілек-дұғамыздың қабыл болуына себеп болатын үлкен бір жақсы амал біріншіден құрбан шалу екенін атап өтті. Ал, екіншіден, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыға қаражаттай немесе азық-түлікпен көмек көрсетіп, ол кісілерді қуанту керектігін жеткізді. Сондай-ақ, оларды риза қылатын болсақ, әрине, біздің дұға-тілегіміздің қабыл болуына үлкен себебі тиетінін атап өтті. Сауабы мол қайырлы іске аудан әкімі Амантай Балғарин арнайы қатысып, жүрекжарды лебізін білдірді.

– Құрметті азаматтар, ауылдастар. Бүгін міне, үлкен бір іс-шара өткізіп жатырмыз. Қазақ айтпақшы, бір ел болып, аудан бойынша бәріміз бас қосып, тасаттық берудеміз. Алла тағаладан жаңбыр тілеп, елдің амандығын, жердің ырыздығын мол қылуды сұрап жатырмыз. Ел азаматтары, қожалық басшылары қолдап бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлігімізді паш етудеміз. Сондай-ақ, осы игі бастама арқылы жағдайы төмен, көп балалы отбасыға қаржылай да қолдау көрсетіледі. Ең басты ниет – егін бітік болып, елімізде жақсылық болып, еліміз-жеріміз гүлдене берсін деп тілейміз, – деді Амантай Кәкімбекұлы.

Айта кеткен жөн, тастатыққа сойылған малдың еті жағдайы төмен, жалғыс басты және көп балалаы 40 отбасыға таратылды. Сонымен қатар, аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен 2 млн. қаражат жиналып, 20 отбасыға 100 мыңнан үлестірілді. Мінеки, осындай сауапты істің басы-қасында жүрген атқа мінер азаматтарымыз барда, мешіт жамағаты мен жомарт жүректі кәсіпкерлеріміз жанымызда жүргенде елдің жағдайы ешуақытта елеусіз қалмайды. Бұл тасаттық тек қана жаңбыр сұрау үшін ғана емес, биылғы жыл шөбіміз шүйгін, жеріміз отты болсын, құтты берекелі жыл болсын деген ізгі мақсаттың негізінде атқарылды.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

В Аулиекольском районе прошла социально значимая акция «Снежный десант»

Она была организованная Молодежным ресурсным центром совместно с волонтерами школы-гимназии имени С.Баймагамбетова. (далее…)

1 неделя ago

Сарыкөл колледжінде студент жастар арасында тартысты дебат өтті

Аталған шараның басты мақсаты – жастарды жаңа Конституция жобасымен және конституциялық реформаның негізгі бағыттарымен таныстыру,…

1 неделя ago

Мәжілісмендер Сарыкөл кентіне келді

18 ақпанда Сарыкөл кентіне Жалпыұлттық коалиция мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Берік Бейсенғалиев пен…

2 недели ago

Эстафета мужества: в Сарыколе прошел волейбольный турнир в честь воинов-интернационалистов

На базе местной общеобразовательной школы прошел традиционный турнир по волейболу среди девушек 2010 года рождения…

2 недели ago

Мастер из села Тагильское Сарыкольского района превращает снежные сугробы в животных

Мимо его творений пройти спокойно невозможно. Они словно живые… (далее…)

4 недели ago

Волонтёры Молодёжного ресурсного центра оказали помощь пенсионеру, проживающему на территории поселка Сарыколь

В зимний период снегопады значительно осложняют передвижение пожилых людей и создают опасность при выходе из…

1 месяц ago

This website uses cookies.