Сарыкөл аудандық мешітіне жаңа көлік сыйлады

Бүгін, қасиетті жұма күні «Аққозы қажы» аудандық мешітінің жамағаты осындай қуанышты сәттің куәсі болды.

Бұл шара – Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Игілікті іске аудан басшысының қолдауымен, өңір ақсақалдарының бастамасымен «Олжа Арыстан-ПК» ЖШС-нің өңіраралық басшысы Нұрсұлтан Тұрсынов демеушілік жасады. «Қолы ашықтың – жолы ашық» – демекші, жомарт азамат бұл сыйды Алла үйіне ұжымының атынан тарту етіп отыр.

Ресми салтанатты рәсім карантин талаптарын сақтай отырып, мешіттің ауласының сыртында өтті. Аудан әкімі Амантай Балғарин арнайы келіп, жүрекжарды лебізін жеткізді.

– Елімізде асыл дініміздің қанат жаюуы – Тұңғыш Президентіміздің кемеңгер, сарабдал саясатының жемісі. Міне, бүгін өңіріміздегі белгілі кәсіпкер Нұрсұлтан Тұрсынов Елбасымыздың «Рухани Жаңғыру» бағдарламасына сәйкес мешітімізге жаңа көлік алып беріп отыр. Бұл үлкен көмек, қолдау. Мешітке, дінге деген жанашырлықты тек сөзбен емес, осындай жарқын істермен жасауымыз керек.

Демеушілік танытқан Сізге және басшыларыңызға алғыс айтамын. Осындай сауапты іс көбейіп, мешітіміз көркейе берсін, – деді өз құттықтауында Амантай Кәкімбекұлы.

Кәсіпкер Нұрсұлтан Тұрарұлы да сөз сөйлеп, жаңа үлгідегі «Chevrolet Nexia 3» көлігінің кілтін бас имам Нұрбол қажы Балахметовке Алла жолындағы қызметі үшін табыс етті.

– Пайғамбарымыз хадисінде: «Оң қолың бергенді сол қолың көрмесін» -дейді. Өзім осы амалды ұстанамын. Бұл жарнама үшін жасалған дүние емес. Бірақ, біз осы елге тілеулес азамат ретінде игі бастаманы басқаларға үлгі болса, жақсылық көбейсе екен деген ниетпен жасадық. Осы көлік Алла үйінің пайдасына, имамның игілігіне жараса игі, – дейді демеуші кәсіпкер.

Рәсім соңында бас имам Нұрбол қажы Исламұлы қайырлы іске ұйытқы болған азаматтар мен атымтай жомарт жанға шексіз алғысын айтып, өңір ақсақалы Қаратай Кәкімұлы батасын берді.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

Адаптация, поддержка, развитие: как помогают подучетным в Сарыкольском районе

На днях в Сарыкольском районе прошла встреча с условно осуждёнными гражданами в рамках проекта по…

1 день ago

В Сарыкольском районе уборочная страда проходит удачно

Посевная страда прошла успешно, зерновые, зернобобовые, масличные и крупяные были посеяны вовремя с внесением минеральных…

3 недели ago

Сарыкөл ауданы әкімінің сапары

Аудан бойынша құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.