Рухани жаңғырған Сарыкөл

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына биыл үш жыл толады

Осы бағдарламаның өткен жылы Сарыкөл ауданында қалай жүзеге асырылғаны және ағымдағы жылға арналған жұмыстар жайында әлеуметтік сала бойынша аудан әкімінің орынбасары Әлия Бекмағамбетовамен әңгімелескен едік.

– Әлия Молдабайқызы, жоғарыда аталған жобаның кіші бағдарламасының бірі – «Тәрбие және білім» туралы. Осы орайда өңірде қандай жұмыстар жүзеге асырылып келеді?

-«Өлкетану», «Отаным-тағдырым» және «Саналы Азамат» сынды кіші бағдарламаларының базалық бағыттары шеңберінде 2019 жылы өңірде 528 іс-шара өткізіліп, оған 13376 адам қатысты. Әсіресе, оқушылардың қатысу үлесі 100%-ды құрады (бұл 2018 жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп).
Осындай жұмыстарға демеушілік қаражатты тарту есебінен жалпы сомасы 4 млн. 400 мың теңгеге 2 жоба іске асырылды. Біріншісі – Чехов орта мектебінде құны 2 млн 500 мың теңгелік «Робототехника және 3D-модельдеу» кабинеті жабдықталды. Онымен «Қуат 1» ЖШС айналысты. Ал, екіншісі – Севастополь орта мектебіне 1 млн.900 мың теңге қаражатқа «IT-кабинеті» ашылды. Оған мектеп түлегі Амандық Баталов атсалысты.

Аталған жобаны іске асыру аясында 2020 жылғы жобалар мен іс-шаралардың Жол картасы бекітілді. Оған 15 жоба (оның ішінде 5-і ұзақ мерзімді, 2017-2022 жылдарды қамтиды), 67 іс-шара кірді, оларға жергілікті бюджеттен 3 млн. 781 мың теңге, тартылатын қаражаттан 4 млн. 886 мың теңге жоспарланып отыр.

– Сұхбатыңызды одан әрімен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жайында өрбітсеңіз?

– Бұл арнайы жоба аясында 2019 жылы «Тарихи археологиялық қозғалысы» атты аудандық жоба жүзеге асырылды. Оған 1 млн.228 мың теңге қаражат тартылып, соның нәтижесінде 874 оқушы саяхаттық сапарға шығуға мүмкіндік алды.
Өткен жылдың қараша айында Веселоподол орта мектебінде «Веселый Подол» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, 500 мың теңгеге «Үш кезең» виртуалды мұражайының ашылуы өтті.

Айта кетейік, аудан бойынша 11 мектеп мұражайы жұмыс істейді. Оның ішінде 8-і тарихи-өлкетану болып саналады. Туған өлкені зерттеу жұмыстары бойынша жергілікті өлкетанушы Валерий Стародубпен тығыз жұмыс жүргізіледі.

– Ал, енді «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бағытына көшсек. Ол бойынша қандай рухани дүниелер халықтың рухын асқақтатуда?

– «Туған жер – туған ел» арнайы жобасы аясында өңірде 52 іс-шара өткізілді. Оған бас-аяғы 5990 адам қатысты (жалпы құны – 1 млн.335 мың теңге).

Бұдан бөлек, Қостанай облысында «Рухани жанғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберіне енген 4 іс-шара ауқымды деңгейде іске асты. Олар: «Менің елім – менің болашағым!» атты өзге ұлт өкілдері арасында қазақ ән өнерін насихаттаған байқау, «Тәтіқара жырау атындағы терме, жыр-дастан» жобасы, «Домбыра дастан» деп аталған қазақ ұлттық жанры мен орындаушылық шеберлігін дамытатын дәстүрлі дода және «Достық шұғыласы» би фестивалі. Сонымен қатар, 2019 жылы «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру» арнайы жобасы аясында 400 мың теңгеге «Тіл мектебі» жобасы жүзеге асырылды.

Жалпы, осы орайда айта кетерлік жәйт, өңірде «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының «Дала фольклоры мен музыкасына мың жыл» жобасы аясында «Ұлы дала» деп ұрандаған қазақ ұлттық сәндік-қолданбалы шығармашылығының жыл сайынғы фестивалі өтеді. Онда «Құрақ тігу», «Моншақтар тоқу», «Моншақтармен кестелеу» сияқты шеберлік сыныптары да ұйымдастырылады.

– Ашық әңгімемізді одан әрі жалғасақ, «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы аясында қандай ақпарат бере аласыз?

– Сарыкөл ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру барысын және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын ақпараттық ілгерілету мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік ақпараттық тапсырыс лоты арқылы іске асырылады. Осы лот бойынша қаржыландыру сомасы 2019 жылы 1 млн. 276 мың теңгені (696 мың теңгесі облыстық, 580 мың теңгесі аудандық бюджет) құрады.
Ал, 2020 жылы қаржыландыру сомасы 1 млн.теңгені құрайды (аудандық бюджет).

– Осы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асқан және орындалатын әлеуметтік жобалардың әлеуеті қандай?

– «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2019 жылы жалпы сомасы 136 млн. 200 мың теңгеге 5 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Яғни, «Көркейе бер, Сарыкөл» жобасы аясында Сарыкөл кентінің Мендеке батыр ескерткішінің жанындағы орталық саябақ аумағы абаттандырылды (оған 15 млн теңге қаражат жұмсалды ). Ал, Урицк мектеп-лицейі мен Чехов орта мектебіне роботехника кабинеттерін орнатуға 10 млн. 500 мың теңге, Сорочин ауылындағы Литвиненко көп балалы отбасына тұрғын үй сатып алу үшін 700 мың теңге жұмсалды.

Сондай-ақ, жастар мен жастар қызметкерлеріне арналған «6Q» бейресми білім берудің республикалық хабын ашу Ш.Уәлиханов мектебінде көзделуде (жоба ұзақ мерзімді болып табылады, өткен жылы есіктер, терезелер ауыстырылды (құны 10 млн.теңге).
Ал, 2020 жылы 14 млн. теңгеге 3 жоба жоспарланып отыр. Яғни, олар – Большие Дубрава ауылында Выдриных көп балалы отбасына 600 мың теңгеге тұрғын үй сатып алу, Ш.Уәлиханов мектебінде жастар мен жастар қызметкерлеріне арналған «6Q» бейресми білім берудің республикалық хабын ашу (косметикалық ішкі жөндеу, электр және жылыту жұмыстарының құны – 10 млн. теңге) және Соналы ауылын абаттандыру (ауылды жарықтандыру, қоқыс шығару, көшелерді тазалау, мектеп ғимаратын ағымдағы жөндеу, жиһаз және ұйымдастыру техникасын сатып алу) үшін 3 млн.400 мың теңге жұмсалмақ.

– Сауалымның ең соңғысы әрі маңыздысы – Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы. Бұл жайында қандай мәлімет бере аласыз?

– 2019 жылы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 550 мың теңгеге 2 жоба іске асырылды. Олардың бірі – Сарыкөл ауданындағы құны 300 мың теңгелік «Орда» этнолагері, ал, екіншісі құны 250 теңгелік «Ұлттық спорт түрін дамыту бойынша іс-шаралар кешені» аясында Сарыкөл ауданында тоғызқұмалақты дамыту.
Ал, 2020 жылы осы бағытта 1 млн. 500 мың теңгеге 3 жоба жоспарлануда. Яғни, Сарыкөл ауданының киелі орындары бойынша квест ұйымдастыру және өткізу (құны 400 мың теңге), Сарыкөл ауданындағы «Орда» этнолагерін ұйымдастыру (құны 600 мың теңге) және «Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдығына арналған кешенді шараларын ұйымдастыру (құны 500 мың теңге).

– Сұхбатыңызға рахмет!

Міне, Сарыкөл ауданында өткен жылы осындай жоспарлы, жүйелі жұмыстар жүзеге асырылды. Биыл да бірқатар жоспар іске асып, өңіріміз қарқынды түрде рухани жаңғыра бермек.

Сұхбаттасқан
Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

Сарыкөл ауданында «Өнеріміз саған, Қазақстан!» байқау-фестивалі өтті

Ұлттық өнер құндылығы дәріптелген іс-шарада аудан өнерпаздары өнерлерін паш етіп, шеберліктің шыңын көрсетті. (далее…)

3 недели ago

Подучетных службы пробации Сарыкольского района познакомили с программами по поддержке молодежи

В Сарыкольском районе прошла встреча с лицами, находящимися на учете в службе пробации, на котором…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

This website uses cookies.