Құрбан айттың алғашқы күні Сарыкөл ауданының мешітінде үш қара мал құрбандыққа шалынып, еті түгелдей үлестірілді

Бүгін, қасиетті жұма күнімен қатар келген қасиетті Құрбан айттың алғашқы күні «Аққозы қажы» аудандық мешітінің маңында бірден үш қара мал құрбандыққа шалынып, олардың еті аудандық ауруханаға, жағдайы төмен жоқ-жітіктерге және мүмкіндігі шектеулі жандарға түгелдей таратылды.

Ұлық мерекеде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен ұйымдастырылып жатқан «Раббың үшін құрбан шал!» қайырымдылық акциясына сарыкөлдік қайырымды жандар белсенді атсалысуда. Яғни, алғашқы болып, бұл шараны аудан басшысы бастап, қол астындағы қызметкерлері қостады.

-1 малды аудандық ауруханаға, екіншісін жағдайы жоқ, көп балалы отбасыларға (30 отбасы) және үшіншісін мүмкіндігі шектеулі жандарға (26 адам) үлестірдік. Бұл шара айттың басқа күндері де жалғасын табады деген үміттеміз. Қасиетті Құрбан айтта құрбан шалып, тілек тілеген кісілердің Алла Тағала ниеттерін қабыл етсін! Елімізден індет тезірек жоғалып, ауырып жатқандар сауығып кетсін, – дейді бас имам Нұрбол қажы Балахметов.

Сонымен қатар, Құрбан айттың құрметіне жамағаттың, демеушілердің көмегімен үш балаға велосипед және 40-қа жуық балаға «Айттық» қоржындары (тәтті сыйлықтар) табысталды.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

В Аулиекольском районе прошла социально значимая акция «Снежный десант»

Она была организованная Молодежным ресурсным центром совместно с волонтерами школы-гимназии имени С.Баймагамбетова. (далее…)

1 неделя ago

Сарыкөл колледжінде студент жастар арасында тартысты дебат өтті

Аталған шараның басты мақсаты – жастарды жаңа Конституция жобасымен және конституциялық реформаның негізгі бағыттарымен таныстыру,…

2 недели ago

Мәжілісмендер Сарыкөл кентіне келді

18 ақпанда Сарыкөл кентіне Жалпыұлттық коалиция мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Берік Бейсенғалиев пен…

2 недели ago

Эстафета мужества: в Сарыколе прошел волейбольный турнир в честь воинов-интернационалистов

На базе местной общеобразовательной школы прошел традиционный турнир по волейболу среди девушек 2010 года рождения…

2 недели ago

Мастер из села Тагильское Сарыкольского района превращает снежные сугробы в животных

Мимо его творений пройти спокойно невозможно. Они словно живые… (далее…)

4 недели ago

Волонтёры Молодёжного ресурсного центра оказали помощь пенсионеру, проживающему на территории поселка Сарыколь

В зимний период снегопады значительно осложняют передвижение пожилых людей и создают опасность при выходе из…

1 месяц ago

This website uses cookies.