Осындай атаумен 29 қазанда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде облыстық семинар-тренинг өтті.
Ауқымды шараға еліміздің жетекші оқу орындарының бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі, профессор Шыңғысова Назгүл Тұрсынбайқызы басқарған бір топ ғалымдар келді.
Сондай-ақ, «Қостанай Медиа» холдингіне қарайтын аймақтық газеттің бас редакторлары мен журналистері және кафедра оқытушылары қатысты.
Ашылу сәтінде А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың интернациализация және ғылым бойынша проректоры Әлімжан Бекмағамбетов, Жоба авторы, профессор Нәзгүл Шыңғысова сөз сөйледі.
Одан әрімен «Өркениетті өзгертетін мақсаттар: 2030 жылға дейін гендерлік дамудың өзектілігі» жайында Александр Рожков айтса, «Тұрақты даму мақсатындағы гендерге қатысты ұлттандыру және оқшаулау» туралы Елена Дудинова пікір-сайыс ұйымдастырды. Сондай-ақ, қызықты зияткерлік ойындар, сұрақ-жауап, тест және басқа да тренигтер өткізілді.
-«Медиа және гендерлік тұрақты даму мақсаттары» тақырыбында өткен семинар-тренинг барысында тренерлер тарапынан гендерлік тақырыбы бойынша ресми ақпаратпен қатар ғылыми зерттеу нәтижелері, кейстік жаттығулар мен түрлі тапсырмалар ұсынылды. Осы жайында мақала жазар болсақ, қиналмаймыз енді. Себебі, үлкен тәжірибе жинап қайттық. Бір жағынан басқа да аудандық газеттің бас редакторларымен кездесіп, біліктілігімізді арттырдық, – дейді «Сарыкөл» газетінің бас редакторы Руслан Әлкеев.
Іс-шара соңында қатысушыларға біліктіліктерін арттырғандығын дәлелдейтін сертификаттар табысталды. Олар да өз ризашылықтарын білдіріп, маңызды семинардан мол пайдалы кеңестер алғандықтарын айтты.
Сарман АЛДИЯР
В Сарыкольском районе 60 единиц тракторов и комбайнов нового образца участвуют в нынешней уборочной страде…
Бүгін Сарыкөл ауданының әкімі Марат Шымырбеков Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес құрылған Құрылтай сайлауына қатысты.…
Бүгін Сарыкөл ауданындағы көпбалалы Жантемировтар отбасы бір шаңырақ астындағы берекелі бірлігін ғана емес, ел өміріне…
Әр таңдау - ел үшін жасалған маңызды қадам. (далее…)
Индивидуальную консультативную работу с участниками провела юрист ОФ «Жанашыр бол» Жасгуль Тогжанова. В ходе личных…
Сарыкөл ауданының полиция бөлімінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. (далее…)
This website uses cookies.