Мұғалімдер мерейі үстем болды

Тағлымы мол, тың тақырыптарды талқыға салған жауапты жиын

27 тамызда аудандық мәдениет үйінде «Сарыкөл ауданының білім беру жүйесін жаһандық бәсекелестік жағдайында дамыту: білім сапасымен жеке тұлғаның әлеуетін ашу» атты білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті.

Ауқымды жиынды аудан әкімі Амантай Балғарин ашты.

Алдымен, «Сарыкөл ауданының білім беру жүйесін дамыту тенденциялары мен болашағы» туралы білім бөлімінің басшысы Ирина Науменко баяндады.

Одан әрімен АББ әдіскері Людмила Кайгородова «Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту үрдісін басқару: қиындықтар, тенденциялар, жетістіктер» туралы айтты. Ал, Урицк мектеп-лицейінің директоры Елена Соколовская болса  «Табысқа жету жолы: Урицк мектеп-лицейінде дарынды балаларды қолдау жобалары мен стратегиялары» жайында баяндады. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру бағдарламасының мақсаттары тұрғысында мектеп, қамқоршылық кеңесі, әлеуметтік серіктестер, балалар қоғамдастықтарының күш-жігерін шоғырландыру туралы Тимирязев орта мектебінің директоры Сабира Оразалина, «Жастар қозғалысы, бәсекеге қабілеттілікті дамыту»  тақырыбында «Веселый Подол» қоғамдық қорының негізін қалаушы, «Аманат және К» МШ балалардың дамуын түзету орталығының басшысы Айсұлу Күзенбаева тілге тиек етті.

Жиын соңында Қостанай облысы әкімдігінің білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айжан Баймақанова сөз сөйлеп, облыс бойынша жетістіктерге тоқталды. Ал, қорытынды сөзді аудан әкімі Амантай Балғарин алып, ең үздік педагогтарды марапаттады.

Айталық, Қостанай облысы әкімінің грамотасымен Сауле Ерденова (Маяк ОМ) және Любовь Виноградова (АББ әдіскері) табысталды. Ал, Аудан әкімінің мадақтамасымен: Буркат АБильмаженов (№1 Урицк ОМ), Елена Артемчук (Тәгіл ОМ), Райхан Адельжанова (Ново-Урицк ОМ), Светлана Виноградова (Маяк ОМ), Альбина Мусаинова (Тимирязев ОМ), Салтанат Бешимова (Б.Өтетілеуов НМ).

Сондай-ақ, 5 адам ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен 10 адам марапатталды. Одан бөлек, Қостанай облысы білім басқармасының және Сарыкөл аудандық білім бөлімінің атынан грамотаға біртоп педагог ие болды.

Сонымен қатар, 2018-2019 оқу жылының үздік педагогикалық ұжымдары марапатталды.   «Жаз -2019» және «Жеке тұлғаның зияткерлік әлеуетін дамытудың үздік орталығы» номинациялары бойынша Урицкий лицей мектебінің командасы жеңімпаз атанды, «Үздік туристік және экскурсиялық жұмыс орталығы» – Тимирязев орта мектебінің командасы, «Үздік тарихи-өлкетану жобасы» деп Ново-Урицк ОМ танылды.

Айтпақшы, Қостанай облысы жұмысшыларының тамыз кеңесінде Урицк мектеп-лицейі директорының орынбасары және химия пәнінің мұғалімі Надежда Абакумова «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталғандығы белгілі болды.

Жалпы, осы орайда, Ахмет Байтұрсынұлының «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақ» деген сөзі еске түседі.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.