30-тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
Бұл – еліміздің ең басты мерекелерінің бірі. Ағымдағы жылдың 30-тамызында 25 жыл толады.
Қазақстан Республикасы өзіндік конституционалистік даму жолы бар мемлекет. Біздің Конституциямыз дәстүрлі қазақ қоғамы кезіндегі қазақ мемлекеттілігінің негізі қаланып, іргесі бекіген тұстағы кемеңгер көшбасшыларымыздың бастауымен өмірге келген «Қасымханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті Жарғысынан» бастау алады.
Конституция тәуелсіз, егеменді мемлекетіміздің негізі. Азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарының берік кепілі. Сондықтан, Ата Заңды құрметтеу – әрбір азаматтың парызы.
Десек те, Сарыкөл аудандық соты жайында жазғанды жөн көрдік. Себебі, бұл мереке солар үшін де өте маңызды. Сот – сот төрелігін жүзеге асыру, құқық бұзушыларға мәжбүрлеу шараларын қолдану жолдарымен қоғамның және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтан қорғайтын мемлекеттік орган. Оның орны айырықша, себебі сот жүйесі азаматтардың бостандығы мен құқығын сақтауды қамтамасыз етеді.
Жалпы сот заңды тұрғыда: қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер мен материалдарды қарастырады.
Бүгінде аудандық соттың төрайымының міндетін тәжірибелі судья Шолпан Накипова атқарып келеді. Одан бөлек, ұжымда 4 адам жұмыс істейді. Кеңсе меңгерушісі Галима Янузакова, бас маман Назгүл Бекентаева, сот отырысы хатшыларының бас мамандары Снежана Полищук пен Михаил Островскийлер өз міндеттерін абыроймен атқарып жүр.
– Қабылданғанына 25 жыл толғалы жатқан Ата Заңымыз мемлекеттің алтын қазығына, халықтың сенімді тірегіне айналды. Өйткені, бұл құқықтық құжат барша заңдарымыздың темірқазығы, негізі мықты, тамыры терең.
Ата Заң – Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді стратегиясы. Бұл – Қазақстанның экономикалық және саяси тұрғыдан қарқынды дамуының ең басты факторларының бірі, қазақстандықтардың тең құқық пен мүмкіндіктерге ие болуының кепілі», – дейді сот төрайымының міндетін атқарушы Шолпан Қуанышбайқызы бізбен телефон арқылы сөйлескенде.
Олай болса, біз де аудандық сот қызметкерлерін, барша сарыкөлдіктерді келе жатқан азат елдің Ата Заңы – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Приоритетным направлением работы Сарыкольского управления санитарно-эпидемиологического контроля является профилактика инфекционных болезней и обеспечение санитарной охраны…
Денсаулық сақтау саласы – әлеуметтік саланың негізгі бағыттарының бірі (далее…)
Денсаулық сақтау саласы – әлеуметтік саланың негізгі бағыттарының бірі (далее…)
Аудан тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады (далее…)
Алдымен оларды аудан әкімі қабылдап, дөңгелек үстел өткізді (далее…)
Село Троебратское - это самая окраина района, что на границе с Северо - Казахстанской областью.…
This website uses cookies.