Яғни, олар киелі орын – Барақ батыр кесенесіне атбасын бұрды. Мұнда батыр-әулие бабамыздың рухына дұға бағыштап, тәу етті
Тарихшылармен, тікелей бабамыздың ұрпағымен кездесіп, біраз тарихқа қанықты.
– Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған экспедицияны «Егемен Қазақстан» газеті ұйымдастырып отыр. Басты мақсат – өңір тарихы мен туристік әлеуетін насихаттау.
Жалпы, Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласынан басталған «егемендіктердің» бұл сапары бұған дейін Қарағанды мен Ақмола облыстарында өткен еді. Енді міне, қойнауында әлі толық оқыла қоймаған тарих тұнып жатқан Тобыл өңірінде жалғасуда. Бүгін, киелі Сарыкөл жеріндеміз, – дейді «Егемен Қазақстан» газетінің Қостанай облысындағы меншікті тілшісі, экспедиция мүшесі Нұрқанат Құлабаев.
Топ құрамында философия ғылымдарының докторы, профессор Қалқаман Жақып, Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің директоры Марғұлан Оспанов, облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының орынбасары Элмира Ергешқызы, облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Айман Магазумова және республикалық басылымның тілшілері мен блогерлер болды. Келген қонақтарды аудан әкімінің орынбасары Данияр Шәріпбаев қарсы алып, алғысын білдірді.
– Сіздерді қасиетті Сарыкөл жерінде көргенімізге қуаныштымыз. Біздің ауданға арнайы келіп, тағылымы мол дүниелерді іздеп, оны өскелең ұрпаққа насихаттау жолындағы еңбектеріңізге жеміс тілеймін! Аудан әкімі атынан алғыс айтамын, – деді Данияр Әнуарұлы.
Жалпы, қазақ тарихында айшықты із қалдырған Барақ бабамыз жайында деректер көп айтылды. Әлі де айтыла бермек.
– Бабамыз – Барақ Жанұзақұлы (Қарабалуанұлы) қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін күрескен батыр. Оны халық қара күштің иесі деп атаған. Аузы дуалы, сөзі уәлі болған. Сонымен қатар, көріпкел, сәуегей болжаушы, емшілік-тәуіптік қасиеттерімен де халыққа кең танылған. Өзі Емельян Пугачев бастаған шаруалар соғысына, одан кейін Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске қатысып, батырлығымен аты шыққан. Сондай-ақ, Дәуітбай Жәнібекұлымен қатар Абылай ханның қосынында болып, ханның сенімін ақтаған. Ал, әкесі Жанұзақ Алдиярұлы «Қарабалуан» есімімен мәшһүр болған түйе балуан. Шақшақ Жәнібекпен аталас, бірге өскен. Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысында талай ерліктерімен танылады, жасақ басқарады. Ордабасы жиынына, Бұланды, Аңырақай шайқастарына қатысып, Бұқар жырау жырында батырлар санатында аталады, – дейді батырдың тікелей ұрпағы Төремұрат Ағыбаев.
Бұдан бөлек, Б.Өтетілеуов мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Қайырбек Бешимов батыр баба жайында сөз қозғап, үйінде сақталған сауытының бір бөлігін көрсетті.
– Бұл – киелі зат. Менің отбасымда бұл құндылық менің анамнан келді. Бала ауырған немесе шошынған кезде, тұмар ретінде іліп қоямыз. Қолымызға көп ұстамаймыз. Біз оны қастерлеп, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етеміз, – дейді тарихшы Қайырбек Самарқанұлы.
Мінеки, батыр-әулие ата-бабаларымызға тағзым етіп, киелі жерлерді насихаттауға арналған осындай рухани бастамалардың өскелең ұрпаққа берері мол.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Ұлттық өнер құндылығы дәріптелген іс-шарада аудан өнерпаздары өнерлерін паш етіп, шеберліктің шыңын көрсетті. (далее…)
В Сарыкольском районе прошла встреча с лицами, находящимися на учете в службе пробации, на котором…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
This website uses cookies.