Ассаламағалейкум кұрметті сарыкөлдіктер және «Сарыкөл» газетінің оқырмандары

Біріншіден, осы «Сарыкөл» газетінің ұжымына, бас редакторы, бауырымыз Руслан Оразбайұлына үлкен жетістіктерге, қаламдары ұшқыр, жазған мақалалары ұғымды және сүйкімді болуына тілектеспін!

Бұл газет аудан бойындағы үлкен жетістіктерге, ауыл, мал шаруашылығын

Еңбектерлерінің жағдайлары бойынша манызды да мазмұнды мақалалар жазады.

Аудандағы мешіттіріміздің, имамдарымыздың уағыз-насихаттарын, қайырымдылық жасап жатқандарын халыққа жеткізеді. Сонымен қатар, өнер, мәдениет және спорт туралы көп жазады.

Өз басым, бұл газетті жерлестерімнің амандықтарын біліптұрайын деп, күтіп, сағынышпен оқимын. Биыл Қостанай қаласында тұрыпжатқаныма төртінші жыл болса да, «Сарыкөл» газетін жаздырып аламын.

Газеттің шығып тұруына қолдау көрсетіп отырған аудан әкімі Амантай Кәкімбекұлына үлкен алғыс айтамын.

Иә, өткен жыл әлем халқы үшін бір ауыр жыл болды ғой. Мұны бір Алланың құдіреті–сынағы деп түсінейік. Обыр-кеселден ауылымыздың қаншама асыл, данагөй бауырларымыз өмірден озды. Тізіп айтар болсақ, Тілеген Түгүмбеков, Мұсай Бальшенов ақсақалдарымыз, Арынғазы Шәріпов, Амангелді Жалғасов, Қаду Сақауов ағаларымыз, Мұхтар Шайтуғанов құдамыз болды. Басқа да жерлестеріміздің есімдері аталмай қалса ғафу етіңіздер.

Жалпы, мұсылман аруақ-жандардың жандары жәннәтта, тәндері рахатта, қабірлері жарық, топырақтары жеңіл болсын. Алладан иман, Пайғамбарымыздан шапағат болсын деп тілейміз. Артындағы ұрпақтарына, жанұяларына амандық, астарына адалдық, бауырларына бүтіндік, шаңырақтарына жақсылық тілеп, көңіл айтамын. Өзімнің осы жүректен шыққан алғыс хатымды төмендегі шумақпен қайырғым келеді.

Қостанай, Сарыкөл, Қара- Оба өскен жерім, Кір жуып, кіндігімді кескен жерім.

Тең келер Сарыкөлге жер бар ма екен?

Тербеткен ақ төсінде Қайранкөлін.

Ізгі ниетпен, Қайыр ШАЙСҰЛТАНОВ, Қостанай қаласы

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.