Қасиетті рамазан айында Сарыкөл аудандық мешітіне жаңа кілем төселді

7 сәуір күні “Аққозы қажы” орталық мешітіне ұрпақтарының демеушілігімен арнайы тапсырыспен сапалы кі­лем­ алынып, жамағат залы жаңартылды

Бас имамның бастамасымен қолға алынған бұл сауапты іске Қаратай Кәкімұлы ақсақал балалары – Асылбек, Темірхан, Шоентай және Мұрат Өтемісовтармен бірге мұрындық болды. Алланың үйіне үнемі көмек беріп жүретін, бүгінде осындай қайырымы көп сауапты іске ұйытқы болған жомарт жандарға мешіттің бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек алғыс білдіреді.

– Алдындағы кілем көп уақыттан бері қолданыста болды. Намаз оқитын кілемнің таза болғаны дұрыс. Сол себепті Рамазан айында жаңа кілемді мешітке төсеу жоспарымызда бар еді. Міне, Алланың қалауымен демеушілік танытқан Аққозы қажы ұрпақтарының арқасында мешітімізге жаңа кілем төселді. Алла ол кісілерге разы болсын! – дейді Асылхан қажы Мұханбетжанұлы.

Иә, Алланың берген ризығын оның жердегі үйіне жұмсаған пендеге мейірімді Алланың өзі та­бысының берекесін береді. Олай болса, біз де Өтемісовтар әулетінің Алланың разы­лығы үшін жасаған ісі еселене берсін деп тілейміз!
Жалпы, олардың осындай игі істерінен ертеңгі буын тәлім алары сөзсіз.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.